» » Оңтүстік Кореяда соңғы үлгідегі роботтар таныстырылды

Оңтүстік Кореяда соңғы үлгідегі роботтар таныстырылды

Оңтүстік Кореяда «Робо Юнивёс энд Кей Дроун» деп аталатын халықаралық көрме ашылды. Онда соңғы үлгідегі роботтардың таныстырылымы өтті. Қиял-ғажайып дүниелер шындыққа айналды. Оңтүстік Кореядағы халықаралық көрмеде кәдімгі жауынгерлермен бірге әскери роботтардың мүмкіндіктері көрсетілді. Дәл мұндай құтқарушы майданнан салмағы 100 келіге дейінгі жаралы сарбазды алып шығара алады. Ол сағатына 15 шақырым жылдамдықпен қозғалады. Оңтүстік Корея әскері келесі жылдан бастап құтқарушы-роботтарды қолданбақ. Ал мына құрылғы операциядан соң қалыпқа келуге көмектеседі. Науқас «жасанды аяқпен» емін-еркін жүре алады. Қазірдің өзінде ол 5 ауруханада қолданып жүр.  Ким Дэ Джу, өндіруші компанияның менеджері: - Бұл – Кореямен бірлескен ресейлік компания. Мұндай құрылғыларды екі жылдан бері өндіріп келеміз. 100-ден аса науқастың аяққа тұрып кетуіне көмегі тиді. Ал мынау – 3D принтеріне басып шығарылған әлемдегі үшінші автокөлік. Қаңқасы пластиктен жасалған тұлпарды шығару үшін екі күн кеткен. Пак Ёнг Чхоль, Чонджу қаласы әкімшілігінің өкілі: - Сол себепті де оның салмағы 200 келі ғана. Өндірісте іске қосқанда, шикізат ретінде металды пайдаланамыз. Кез келген дизайндағы автоны жасап шығаруға болады. Жобаны Чонджу қаласы әкімшілігі қаржыландырды. Сондай-ақ роботтардың көмегімен кез келген адам өзін тележүргізуші ретінде сезіне алады. Ол үшін тек ноутбук пен бейнекамера ғана қажет. Мұндай бағдарламаны ауқымды оңтүстіккореялық телеарналар 15 жылдан бері қолданып келеді. Ал биылғы жылдан бері мұндай құрылғыларды оқу орындары да алып жүр. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсіндіруге көмектеседі.

29 маусым 2018 ж. 1 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930