» » АУЫЛДА КӨЛІК ЖӨНДЕЙДІ

АУЫЛДА КӨЛІК ЖӨНДЕЙДІ




Кент орталығындағы Қайнарбаев көшесінде «Игілік» көлік жөндеу орталығы ашылды. Нысан иесі Айнұр Сағадатқызы «Бизнес-Бастау» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік бағытында оқып, қолданыстағы орталығын кеңейтуді мақсат еткен. «Ауыл шаруашылығы қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан 4 миллион теңге несиені 6 пайызбен 5 жылға алып отыр. Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов қатысты.
– Мемлекет басшысының тапсырмасына сай елде шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту басты маңызға ие. Халықтың қолын аузына жеткізу – басты мұрат. Жұмыс жоқ демеу керек, жұмысты қолдан жасап алып, тірлік қылу керек, – деді кәсіпкерге сәттілік тілеген әкім орынбасары.
Салтанатты шарада бірқатар азаматтар сөз алып, көше ақсақалы Әбжаппар Алтынбасов пен аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов нысанның лентасын қиды. Ауыл ақсақалдары жаңа нысанның иелеріне ақ батасын берді.

Дәулет ҚЫРДАН.

07 қараша 2018 ж. 1 291 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 066
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 729

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031