» » Қызылордада үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешілді - Көшербаев

Қызылордада үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешілді - Көшербаев

 
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев 2018 жылдың 9 айындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында соңғы 5 жыл ішінде 200-ден астам әлеуметтік нысан тұрғызылып, пайдалануға берілген.
«2013 жылдан бері 200-ден астам әлеуметтік нысан пйдалануға берілді, олар - білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет пен спорт салалары бойынша. Мысалыға, 57 апатты жағдайдағы денсаулық сақтау мекемесінің орнына, 49 жаңа мекеме салынды, қалғаны 2019 жылы тұрғызылады», - деді Қырымбек Көшербаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Өңір басшысының айтуынша,  мемлекеттік бюджетті әлеуметтік мақсатта жұмсау бағытында облыс соңғы 5 жыл бойы елімізде көш бастап келеді.
Сонымен қатар, Қ.Көшербаев облыста үш ауысымдық мектеп мәселесі мерзімінен бұрын шешілгенін айтып өтті, сондай-ақ, 2015 жылы бастау алған «Балапан» бағдарламасы аясында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100% мектепке дейінгі білім беру орталықтарымен қамтылған.
«Облыста үш ауысымдық мектептердің проблемасы толығымен шешілді. Сонымен қатар, өткен жылы апатты жағдайдағы мектептер мәселесіне де нүкте қойдық, айта кетсем 2013 жылы облыста 37 апатты жағдайдағы мектеп болған. Биыл Жаңақорған, Жалағаш аудандарында апатты жағдайдағы тағы 2  мектеп тіркелді, ол мәселе бүгінде бақылауда және тиісті шаралар жүргізілуде», - деді облыс әкімі.
Одан бөлек, бүгінде облыстың 47 мектебі НЗМ-нің тәжірибесі мен стандартына сәйкес білім беруде, сонымен қатар биылғы мектеп түлектерінің 98% орта арнаулы және ЖОО-да түскен.
Еске сала кетсек, Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Үкіметке үш ауысымдық мектептер мәселесін толық шешуді тапсырды.

                                                                                                                                                                                                                                                                                    ҚазАқпарат

06 қараша 2018 ж. 1 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031