» » СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Елбасы Жолдауы басқа салаларға міндет жүктеген тәрізді, сот саласын дамытуға да өз пікірі мен тапсырмаларын берді. Яғни, «Сот жүйесін одан әрі жаңғырту керек» деді Президент биылғы Жолдауында.
ҚР Президенті Н.Назарбаев сала­да соңғы жылдары көп жұмыс атқарылғанын айта келе, әлі де қалың бұқараның сенімін иелену мәселесі шешілмей тұрғанын жеткізді. Әлбетте, елмен етене еңбек ететін сала мамандарының бұл рет­тегі талпынысы жоқ деуге болмайды. Мемлекет басшысы заңның орындалуын қамтамасыз ететін жүйелі саланы жаңғыртуды тапсырды.
Қазір сандық технология деге­ніңіз ел-елді аралап, шалғай елді мекендерге де табан тіреді. Қазір сот органдары облыстық орталықпен тығыз қарым-қатынаста дамиды. Тіпті, қай ауданның қай судьясы қай уақытта қандай істі қарайтынына дейін орталық базадан шығып тұр. Әйтпесе, арасы 500-600 шақырым болатын жерлер секунд сайын хат алмасып, бір базаны пайдалануда.ҚР Президенті заманауи форматтар мен озық электронды сервистерді енгізуді тоқтатпай, жалғастыра беруді, саланы дамытуда еңбек етуді тапсырды.
«Бір жылда елде 4 миллион аза­маттың ісі сотта қаралады. Бұған қан­шама күш пен қаражат жұмсалады. Уақыт пен ресурстардың орынсыз шығынын қажет ететін артық сот рәсімдері қысқаруы тиіс» деген Елба­сы сот жүйесінің сапалы дамуын, кадрлардың жаңаруын қамтамасыз етіп, үздік заңгерлер судья болуға ұмтылардай жағдай жасау керегін айтты.
Біздер, яғни сот саласының қыз­­­меткерлері Елбасы айтқан басым бағыттар бойынша еңбек ет­іп келеміз. Бұл жұмыстың нәти­же­­сінде сала да­муы артып, қазіргі же­тістіктерді еселейтінімізге се­не­мін.
Қанат ЕСХАНОВ,
аудандық соттың хатшысы.
01 қараша 2018 ж. 900 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 196

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930