» » АҚЖАРДЫҢ АЛПЫСЫНШЫ АСУЫ

АҚЖАРДЫҢ АЛПЫСЫНШЫ АСУЫ

Осыдан алпыс жыл бұрын  «Қурайлы»,«Аю» және басқа да каналдар  жағасында орын тепкен бірнеше ауыл алдымен  МТС, кейіннен тұрғындар қалауымен Ақжар аталған ауылға биыл 60 жыл толды.
Талай дарын иесін үкілеп өсіріп, олардың қоғамнан өз орнын табуына еңбек сіңірген киелі мекеннің құрылғанына алпыс жыл және  Еңбек Ері, «Қазақтың Мересьеві» атанған даңқты тракторшы Қасымтай Ізтілеуовтың туғанына жүз он жыл толуына байланысты Ақжар ауылында «Құт дарыған, алтын бесік Ақжарым» атты мерейлі мереке өтті.
«Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимараты алаңын­да орналасқан 20 ақ шаңқан киіз үйде Еңбек Ері Қасымтай Ізтілеуовтың ұр­пақ­тары мен туысқандарының атпал азамат рухына арнап берген торқалы тойынан басталған мерекелік шараның алғашқы күні Сыр сүлейлерінің ізбасары, белгілі жырау Көшеней Рүстембековтың бел баласы Ақнұр Көшенейұлының жүр­гізуі­мен,  есімі елге танымал өнер майтал­маны Бидас Рүстембеков, Берік Саймағамбетов, Шолпан Бимбетова, Майра Сәрсенбаева, Руслан Ахметов, Балтабай Бедебаев, Серік Жақсұғұлов, Марат Сүгірбай, Ақерке Өтепбергенова және басқа да көмейлерінен жыр маржаны төгілген бүгінгі заманның жыр жампоздарының қатысуымен «Еңбек пен ерліктің ерен үлгісі» тақырыбында  облыстық  жыр фестивалі өтті.
Шарада Бидас Рүстембеков бас­таған жыршылар Сыр сүлейлерінің шы­ғар­маларын нақышына келтіре орындап, ақжарлықтарға мерекелік көтерің­кі көңіл-күй сыйласа, өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев жерілікті тұрғындар мен шара қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, жыр-термелерімен ел-жұртты тамсандырған күміс көмей жыр­шыларға сый-құрмет көрсетті.
Мұнан соң ауылдың спорт ала­ңында балуандар айқасып, онда 70 келі салмақ дәрежесіне дейінгі салмақта 24 жас балуан тартысты белдесу өткізіп, оның қорытындысымен  І орынды жастар арасында самбодан әлем біріншілігі мен басқа да дүбірлі жарыстардың жеңімпазы байқоңырлық Дархан Сержанов жеңіп алып, осы салмақтағы түйе балуан атағын иеленсе, ІІ және ІІІ орындарға қармақшылық және жаңақорғандық балуандар Азамат Шәйкөзов пен Әбіраши Рахманберді өзара бөлісіп, демеушілер тағайындаған сый-сияпатқа ие болды.
Сонымен бірге, мереке аясында ауыл жастары арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру және «Еңбек Даңқы» орденінің иегері Балғабай Тұяқбаевты еске алу мақсатында ұйым­дастырылған кіші футбол жары­сының жүлдегерлері «Ақжар», «1993» және «1990» құрама командаларына  марқұмның ұрпақтары  сый-құрмет  көр­сет­ті.
Мерекелік шара одан әрі ауылдық орталық алаңда Қызылорда қалалық Асқар Тоқмағамбетов атындағы филармониясы мен Сырдария және Қармақшы аудандары көркемөнерпаздарының мерей­­­­тойға тарту еткен мерекелік ән-жыр шашуына ұласты. Ал, концерттен соң тұрғындар мен қонақтар мерекелік отшашуды тамашалады.
Мерекелік шараның екінші күнінде ауыл орталығындағы заманауи үлгіде салынған Сыр шайыры Сәрсенбай Бөртебайұлы атындағы ауылдық клуб үйінде «Рухы биік – Қасымтай батыр» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті.
Ауыл әкімі Ерлан Бисембаевтың төрағалығымен өткен танымдық конференцияда аудан әкімінің орныбасары Еркебұлан Меңлібаев данқты тракторшы, өзінің өнегелі өмір жолымен ел құрметіне бөленген Еңбек Ері Қасымтай Ізтілеуовтың еңбектегі ерлікті, өнегелі істері жайлы әңгіме өрбітті. Мұнан  соң мінберге көтерілген профессор Темірхан Тебегенов пен Еңбек Ері, Батыр ана Сәлима Жұмабекова Қасымтай Ізтілеуов туралы естеліктер айтып, осындай тағылымды іс-шараны ұйымдастырушыларға алғаусыз алғыс­тарын айтты.
Конференцияда ауылдың алғашқы төрағасы Әбдуәли Бөлегеновтың баласы Серік Бөлегенов, шара қонақтары Тынышкүл Дәлиева, Бихан Дүйсенова мен Темірбек Барахатов, тағы басқалар сөз сөйлеп, ауылдың кешегісі мен бүгіні, сондай-ақ аталмыш елдің өсіп-өркендеуіне саналы ғұмырын  арнап, өмірден өткен көптеген айтулы  азаматтардың ел-жұртқа өнеге болған игі істері жайлы әңгімеледі. Сонымен бірге, шара барысында ауылдық  кітапханасының меңгерушісі Күләш Ақмаханованың жетекшілігімен ауыл тарихы және осы өңірде еңбек еткен азаматтардың өмірі жайында ұйымдастырған кітап және суреттер көрмесі өтті.
Ауылдың әлеуетін көтеруде аудан әкімдігінің  іс-жоспары аясында ілкімді іс­тер атқарылды. Бірнеше көшеге жөндеу жүргізіліп, асфальт төселді. Электр бағаналары жаңартылды. Заманауи үлгіде салынған ауылдық клуб үйі ел игілігіне пайдалануға берілді. Балабақша қайта жаңғырды. Ауылдың алпыс жылдық мерейлі тойы аясында елді мекен орталығына орталық алаң салынды. Онда рәміздер, спорт және демалыс бағы, сонымен қатар балалары ойын алаңы бар. Мерейтойға жиналған жұртшылық аталмыш алаңның ашылу салтанатына қатысты.
Салтанатты аудан әкімі Сұлтан Мақашов ашып,  елде, оның ішінде киелі Қармақшы өңірі экономикасын нығайтуға, тұрғындарының әлеуетін арттыруға арналған іс-шаралар мен алдағы жоспарларды баяндап, той иелері мен қонақтарға мерекелік жүрек­жарды лебізін білдірді.
Сонымен бірге, Еңбек Ері Сәлима Жұмабекова, профессор Темірхан Тебегенов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тұрабай Сәметовпен бірге орталық алаңның лентасын қию рәсіміне қатысты.
Одан әрі аудан басшысы Сұлтан Ысқақұлы қонақтармен бірге  Шәмшат Төлепова атындағы аудандық мәде­ниет үйі жанынан құрылған халықтық театрының режиссері Ақмарал Бақбергенқызының сценариі негізінде аудан көркемөнерпаздарының сомдауымен Ақжар ауылы еңбеккерлерінің еткен ерен еңбектегі үлгілері мен Еңбек Ері Қасымтай Ізтілеуовтың өмір жолы жайлы көрініспен басталған «Еңбек пен Ерлік – Абырой мен Құрмет» атты мерекелік салтанатқа қатысып, ақжарлықтар мен мереке қонақтарына ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қатар, бір топ ауыл тұрғындарына алғыс хат тапсырды. Шара барысында Темірхан Тебегеновтың ауыл  халқының өмірі  мен экономикалық өрлеуі жайлы жазған «Ақжарым – ауылым алтын бесігім» атты тарихи-танымдық кітабының тұсауын кесті.
Мерекелік салтанатты шара соңында оған қатысушылар аудандық мәденит үйінің әншілері Ғалымжан Шәкизада, Ақерке Бекеева мен Алмат Байтабанов,  сондай-ақ  «Әжелер» және «Келіншектер» ансамблі мен  ауыл өнерпаздарының концертін тамашалады.
Сол мезетте жаңадан ашылған спорт алаңда жайылған боз кілемде түйе балуандар бәсекесі өтті.  «Сен тұр, мен атайын» дегендей, 12 балуан, оның ішінде талай байрақты  бәсекелерде топ жарып, ел намысын қорғаған Марат Баймаханов,  Ержан Абдуллаев, Мақсат Исақабылов, Нұрым Сәлімгереев және басқа да бозкілем шеберлерінің қатысуымен өткен белдесуде жасындай жарқырап,  тірескен  балуандардың жауырынын жер сипатқан Марат Баймаханов  жарыстың түйе балуаны атанып, ұлағатты ұстаз Шәкизада Шоқбаровтың ұрпақтары тағайындаған жүлдені жеңіп алды.  Ал, қалған екі орынды иемденген Мақсат Исақабылов пен Нұрым Сәлімгереев   Сақтаған Әлімбаев пен Алтынбек Диқанбаевтардың әулеті тағайындаған жүлдеге ие болса, баспақ көтеру жарысында 100 келілік мүйізді ірі қараны 50 рет дем алмай көтерген Нұрым Сәлімгереев Тиышбай Ешмұратов атындағы жүлдені қанжығасына байлады.
Ат бәйгесі қаны қазақ  халқы үшін ең жақын спорт. Бәйге дегенде қазақ баласы ішкен асын жерге қоятыны рас. Міне, мерейтой аясында ауыл сыртындағы атшабарда ұйымдастырылған ат бәйгесін тамашалуға жиналған қалың жұрттың қарасы көп болды.
Бәйге алдымен тай жарысынан басталды. Сөре сызығын шаншып тұрған 14 тай  ә дегеннен шаба жөнелді.  5 шақырымға шапқан тай жарысында шырайлы Шиелі өңірінің шабандозы  Еркебұлан Абдуллаевтың «Жеңіс» атты қара төбелі  өзге тайлардан дараланып шықты. Ол сол шабысымен мәреге де лезде жетіп, Әбдіғали Досаев атындағы жүлдені жеңіп алса, араға біршама уақыт салған  екінші шиелілік  шабандоз Байдәулет Сейітжаппардың «Көзайым» атты қара кері (егесі Айдар Жағыпар) және Қазалы ауданының шабандозы Бекзат Жұмалиевтің «Айжарық» атты торы қасқасы (егесі Кентай Өрімбаев) жүлделі ІІ және ІІІ орындарға көтеріліп, бірі –  Өмірбек Кенжәлиев, енді бірі –  Өтеш Тәжединовтың жүлдесіне ие болды.
Сонымен қатар, 6 айналым болатын 16 шақырымға шапқан құнандар бәйгесінде 10 құнан шауып, оның қорытындысымен   бірінің артынан бірі келген, яғни «Елік» атты торы төбелді мініп, өзгелерді шаң қаптырып кеткен  қызылордалық шабандоз Ақтан Әділет (ат егесі Кентай Игенбаев) бәйгеге тігілген Хамидулла Жұбандықов атындағы жүлдені жеңіп алса, екінші қызылордалық шабандоз Рәт Тоқтар мінген «Қарақұс» атты қара құнан  (ат егесі Болат Арыстанбеков) мәреге екінші болып  кесіп, Садық Айтұрсұновтың баласы Ғанидың қолынан арнайы жүлде алды. 
Ал, жаңақорғандық шабандоз Рақымжан Ерсайын мінген «Жұлдыз» атты қара құнан (ат егесі Нұрбол Амантай)  «Қарақұстың» артқы тұяғын баса үшінші боп мәре сызығын аттады. Ол да  Әнәфия Құлпайыстанов атындағы жүлденің иесі атанды.
 «Бәйге төресі – аламан» деп атам  қазақ баласы  айтқандай, міне жанкүйерлердің асыға күткен аламандар бәйгесі  де басталар шақ  жетті. Расында да, сәйгүліктер өздерінің сұлу келбетімен,  кімді де қызықтырар  тал шыбықтай ұзын сирақтарын  алшаң басып, сөреге бара жатты. Олардың саны 26 еді.
Сөре сызығына жиналған тұлпарлар тұяғымен жерді тепсініп тұр. Міне, төрешінің ысқырығы естіле сала олар бірін-біріне дес бермеудің қамынмен  шаба жөнелді.  Атшабар алаңы ала шаңға көміліп те кетті. 10 айналымнан тұратын 24 шақырымға шапқан 26 сәйгүліктің қарасы да ұзап кетті. Бірақ,  «Жүйрікке жол алыс емес» дегендей, сәлден соң тұлпарлар тұяғының да дүбірі  естілді. Көрермендердің «Әні, әні көрінді»  деген дауыстары да естілді. Жүк көлігінің үстіне мініп, қолына ұстаған микрафонымен бәйгені хабарлаған,  аламан  десе ішкен асын жерге қоятын, бала жасынан атқа құмар  боп өскен, жаны жақсылыққа құмар Ақжар ауылының  әкімі Ерлан Бисембаевтың  «Көрінді, тұлпарлар көрінді. Ағайын «қиқуға салыңдар», сәйгүлектерді жігерлендіріңдер» деген дауысына көрермендер барынша қиқулап, жарысты қыздыра түсті.
Иә, қазақ баласы қашанда ат жарысы,  қазақ күресі,  айтыс десе  делебесі қозып, істеп отырған ісін аяқтамай  тастаған.  Бүгінде осы атшабардағы қалың жұрт өзінің аты бірінші келе жатқандай аспанға басындағы  малақайын атып, атойлауда. Шіркін, қазағымның көңілі де дариядай ғой. Өзгенің қуанышын өзінікіндей көрген. Бірінші айналымда сәйгүлектер бірінің артынан бірі шауып келеді, әзірге шабандоздар ат шылбырын тарта ұстауда. Бірақ, екінші айналымнан кейін көзі қарақты көрермендердің «Әне, бір ат жолдан шықты» деген дауыстары да естілді. Содан кейін мұндай дауыстар үшінші, төртінші айналымдарда да естіле басталды. Ал, жетінші айналымда алдыңғы топта шауып келе жатқан тағы бір ат жолдан шықты. Бұл жолы ат жолдан жай шықпады.  Жақсы ат аяқтан қалды. Міне, сегізінші айналымда жүйріктер де өзгелерден арасын алыстата бастады. Әсіресе, құйындай ұшқан үш қара түсті сәйгүлек бірінің артынан бірі шауып келеді. Олардың артын ала  Кенен атамыз жырына қосқан көк  түсті тұлпар қарсы желмен айқасып шабады. Жұрттың бәрі осы көк тұлпарға үміт артуда.  Алайда, қызылордалық шабандоз  Бауыржан Әубәкірдің «Фаус» атты қара сәйгүлігі (егесі Нағи Қорғанбек)  мәре сызығын бірінші боп кесіп, «Ораз ахун ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тіккен   автокөлігіне ие болса, Фаустан кейін екі-үш минут мәреге кешігіп жеткен шиелілік  Еркебұлан Абдуллаевтың «Шамшырақ» атты қара төбелі аталмыш шаруашылық тағайындаған 1 млн. теңгенің сертификатымен марапатталды, ал №9 шиелілік шабандоз Бағдәулет Бақытжанұлының «Еркетайы» (ат егесі Алмасбек Арыстанбеков) үшінші орынға көтерілді. Ол да шаруашылық төрағасы Жомарт Жалғасбаевтың қолынан 500 мың теңгенің сертификатын алды.
талай дарын иесін үкілеп өсіріп, олардың қоғамнан өз орнын табуына еңбек сіңірген киелі мекеннің құрылғанына алпыс жыл және  Еңбек Ері, «Қазақтың Мересьеві» атанған даңқты тракторшы Қасымтай Ізтілеуовтың туғанына жүз он жыл толуына байланысты Ақжар ауылында «Құт дарыған, алтын бесік Ақжарым» атты мерейлі мереке өтті.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
29 қазан 2018 ж. 996 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 195

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930