АНТ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДА
![](/uploads/posts/2018-10/medium/1539772983_koldau-suret.jpg)
Шара барысындаЕлбасы Жолдауының негізгі мақсаты мен оны жүзеге асыруға арналған жұмыстарды халық арасында кеңінен түсіндіруде ДианаБақытжанқызы Жолдауда айқындалған басымдықтарға, оның ішінде білім мен денсаулық, кәсіпкерлік, құрылыс салалары бойынша алдағы жылы жүзеге асырылуы тиіс тапсырмалар мен міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, ел келешегі – жастарды қолдау мақсатына арналған іс-шаралар жоспарына арналған басымдықтар мен аймақты дамыту мақсатында арқарылған ілкімді істер жайында баяндады.
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, «Ұлт бірлігі Қармақшы » қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шегебай Құндақбаев, Үсен Томанов атындағы №183 орта мектептің директоры Алтынша Кенжеева және басқалар Елбасы Жолдауындағы міндеттер мен мақсаттар жайында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін зерделеді.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов түйіндеп,Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған халқының болашағы үшін жасап жатқан игі істеріне қармақшылықтар қашанда қолдау көрсететінін жеткізді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ,
«Қармақшы таңы».