» » ЫРЫСЫ ТАСЫҒАН ЕЛ

ЫРЫСЫ ТАСЫҒАН ЕЛ

Менің балалық шағым темір жолдың бойында 15 үй ғана тұратын Диірментөбе стансасында өтті. Ол уақытта аудан орталығы ма, басқа ма, ондайдың байыбына бара бермеуші едік. Ауылда 4 сыныптық бастауыш мектепті бітіріп, әке-шешеміздің жөнелтуімен Қармақшыда интернатта жатып білім алдық. 1958 жылдары аудан орталығына табан тигіздім. Ол уақытта маған Қармақшы үлкен бір қала тәрізді көрінді, Диірментөбеден кейінгі көріп тұрғаным ғой. Одан да үлкен қалалар барын кинода…н көреміз, естиміз. Мектеп бітірген соң Мәскеуге аттандық та кеттік. Туған жер жүректе болады ғой, сол он бес үйлі Диірментөбе мен қасиетті Қармақшым маған Мәскеуден әлдеқайда артық. Тұла бойымды сағыныш кернеп, демалыс сайын туған жерге тартушы едік. Мәскеуге оқуға түсудің алғышарты білім еді, сол білімді берген Жосалы кентіндегі №26 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп. Осы жеткен жетістіктер мен бағындырған белестерге сол білімнің арқасында қол жеткіздім. Арманға бастау болған да – менің Қармақшым.
Қасиетті Қорқыт бабаның жатқан жері. Бесінші сыныпта ауданға пойызбен қатынаймыз апта сайын. Сонда Қорқыт стансасына келгенде балалар жапырылып терезеге қарап, «Қорқытқа келдік» деп қуанатынбыз. Ол уақытта бабаның қисайып тұрған көне мазары болатын. Одан бөлек, Байқоңырым – бір төбе. Ғарышқа жол салған, алғаш ғарышқа адамзат баласының табанын тигізген жер.
Тоқсан жылды тоғыстырып, ғасырға жуық уақытта жеткен жетістіктерін саралап, өз-өзіне есеп беріп отырған ауданның халқын мерейлі мерейтойымен құттықтаймын. Қашан да ыстық сезілетін туған жерімнің тұғыры биіктей берсін!
Елдің ырзық – несібесі артып, әрбір үйде қуаныш шаттық орнағай!
Бақберген Досманбетов,
Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР ҰҒА академигі
16 қазан 2018 ж. 1 452 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 026

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031