» » Асылхан Төлепов жағдайы нашар отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетті

Асылхан Төлепов жағдайы нашар отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетті

Актер Асылхан Төлепов мәслихат депутаты атанғалы оған жолданатын сауалдар легі жетерлік. Көпшілік кино жұлдызы депутаттық мінбеде ештеңе бітірмейді деп ойлайды екен. Жұрттың сөзінен мезі болған Асылхан өзін сынға алғандарға жауап берді, деп жазады Stan.kz тілшісі.
Асылхан Төлепов
“Көп адам маған депутат болып не бітіріп жүрсің деген сұрақ қояды. Жасыратыны жоқ, тау қопарып, қыруар шаруа бітіріп жатырмын деп айтпаймын. Шүкір, қолға алып, аяғына дейін жеткізген шаруалар баршылық. Оқу жылы басталар бұрын Наурызбай ауданы “Нұр Отан” партиясының филиалында өткен азаматтық қабылдауға көпбалалы аналар келіп балаларын мектепке қамдауға жәрдем сұрады”, – дейді Асылхан.
Төлепов әдетте жасаған жақсылығын жария етуден бойын аулақ ұстайды. Естеріңізде болса, актер жігіт отбасын құрған күні той серуенінің орнына жетім балаларға көмек көрсеткен-ді. Асылхан мұны құпияда ұстауды жөн көргенімен, достары Асылханның жақсылығын жария етті.
“Әр отбасында кемі төрт баладан. Қазіргі бағалармен, әрине, баланы мектепке әзірлеу оңай емес.
Бір күнді белгілеп балақайларға арнайы автобус жалдап (үйлерінен алып кетіп, апарып тастады), түскі ас ішіп, киім-кешек, қажетті құралдар, аяқ қиім, спорттық киімдер алып бердім. Мен бұл бүлдіршіндердің сабақтарын жақсы оқып, ата-ана үмітін ақтайтынына сенемін”, – дейді депутат.
03 қыркүйек 2018 ж. 978 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№30 (10295)

16 сәуір 2024 ж.

№29 (10294)

13 сәуір 2024 ж.

№28 (10293)

09 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930