МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібековтің төрағалығымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға білім бөлімінің қызметкерлері мен мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері қатысты.
Мәжілісте балаларды балабақшаға қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, міндетті құжаттамалардың жүргізілуі, НОБД, «Қазна фейс», «Balabaqsha SmartNation» ақпараттық жүйелерімен жұмыс, санаториялық бөбекжай-бақшалардағы оқу-тәрбие үдерісі және Мемлекеттік рәміздерді орналастыру талаптарының сақталуы қаралды.
Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы талаптарының орындалу барысы талқыланды.
Мәжіліс қорытындысында білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы жауапты мамандар мен ұйым басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, құжаттамалардың талапқа сай жүргізілуін, мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуін және ақпараттық жүйелердегі мәліметтердің нақтылығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиынның басты мақсаты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру, ұйымдар қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету және жауапкершілікті күшейту.















