Мәслихаттар сайлауы
» » ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ


Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде телекоммуникация саласын дамыту мәселелері қаралды.

Жандос Еркінбек бұл бағытқа мұқият тоқталып:
-Қазіргі цифрлық дәуірде телекоммуникация саласын дамыту кез-келген мемлекеттің экономикалық өсімі мен бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты факторлардың біріне айналды. Барлық салада мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жоғары жылдамдықты интернеттің маңыздылығы жоғары,-деп атап өтті.

Сондай-ақ аудан басшысы тұрғындарға көрсетілетін интернет қызметінің сапасын арттыру қажеттігін жеткізді. Осы ретте «Қазақтелеком» АҚ-ның Қызылорда облысы, Қармақшы ауданындағы желілі-техникалық цехының басшысына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу жұмыстарының барысын сұрады.

Мәжілістің күн тәртібінде қосымша жасанды интеллект технологияларын енгізу және тиімді пайдалану мәселесі қаралды.

-Қазір жасанды интеллект экономика мен күнделікті өмірдің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Үлкен деректерді жылдам өңдеу, күрделі процестерді автоматтандыру және дәл болжам жасау қабілеті жасанды интеллектіні бизнес, білім беру, медицина және мемлекеттік басқару салаларында таптырмас құрал етіп отыр,- деген аудан әкімі бұл жұмысты тиімді енгізудің жолдарын қарастыру аса маңызды екенін ескертті.

Осы бағытта аудан әкімі аппаратының цифрлық технологиялар және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Жансұлтан Темірбек «Жасанды интеллект – болашақтың технологиясы және бүгінгі мүмкіндіктері» тақырыбында хабарлама жасаса, кәсіпкерлікті дамыту мәселесі бойынша аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жандос Махамбетов саладағы көрсеткіштер мен мемлекеттік қолдау тетіктері туралы баяндады.

Бүгінде елімізде әлеуметтік сала өте күрделі бағыттардың бірі. Сондықтан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғабит Кенжеғұлов ағымдағы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстары туралы айтса, «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында аудандық мансап орталығының директорының міндетін атқарушы Жазира Жақсылықова Қармақшы ауданында жүргізілген қызметтерге тоқталды.

Мәжілісті қорытындылаған Жандос Еркінбек берілген барлық тапсырмаларды хаттамаға енгізіп, олардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 қараша 2026 ж. 27 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10557)

24 қараша 2026 ж.

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 453
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 566

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30