БЕРЕКЕЛІ ҚАРМАҚШЫНЫҢ ӨНІМДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ
Бүгін Қызылорда қаласының Журба көшесінің бойында Қармақшы ауданы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге ауданнан 47 автокөлікпен 130 тоннадан астам азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді.
Сөрелерге қойылған өнімдердің қатарында күріш, ет, сүт, балық, көкөніс, бақша өнімдері, жеміс-жидек және өзге де ауыл шаруашылығы тауарлары бар.
Шаруалар жергілікті өнімдерді қала тұрғындарына нарықтағы бағадан төмен бағада ұсынып, тұрғындарға қысқы азық-түлік қорын тиімді бағамен толықтыруға мүмкіндік жасауда.














