» » ҚАРМАҚШЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІ - ҚЫЗЫЛОРДАДА!

ҚАРМАҚШЫНЫҢ ТАБИҒИ ӨНІМДЕРІ - ҚЫЗЫЛОРДАДА!


Бүгін Қызылорда қаласының «Журба» көшесінде Қармақшы ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қала халқына арзан әрі сапалы өнімдер ұсынылды. Ауданнан жалпы 150 тоннаға жуық өнім тиелген 45 автокөлік жеткізілді.

Жәрмеңкеге 25 тонна күріш, 80 тонна бақша өнімдері, ет пен 2 тонна жеміс-жидектер, сүт және сүт өнімдері, 1 тонна балық, мал азығы, сондай-ақ тосап пен табиғи бал жеткізілді.

Барлық өнімдер нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен, сондай-ақ белгіленген бағадан да арзан сатылып, қала тұрғындары үшін қолжетімді баға ұсынылды.

Атап өту қажет, Қармақшының айран-шұбаты мен күріш өнімдері қызу сұраныспен саудаланды. Жәрмеңкеге келген жұртшылық ауданымыздың табиғи, экологиялық таза өнімдерін жоғары бағалап, өз ризашылықтарын білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

29 қараша 2025 ж. 258 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30