Мәслихаттар сайлауы
» » ТАРИХ БЕТТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ

ТАРИХ БЕТТЕРІНДЕГІ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Тарих беттеріндегі Тәуелсіздік жолы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Сайысқа Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектеп пен А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің оқушылары қатысты.

Сайысқа қатысушылар өзара білім мен тапқырлық, шапшаңдық пен алғырлық тұрғысынан бақ сынады. Сайыс барысында қатысушылар Қазақстан тарихы, Тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңдері, мемлекеттік рәміздер, ел дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалар, ұлттық тарих пен мәдени мұра, маңызды тарихи оқиғалар тақырыптары бойынша өз білімдерін ортаға салды. Топ басшыларына арналған жеке сұрақтар қойылып, олардың білімі, ой ұшқырлығы мен жылдам шешім қабылдау қабілеті сыналды.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы топтардың жауаптарын бағалап, қорытынды ұпайларын шығарды. Белсенділік танытып, білімдерімен ерекшеленген топтар I, II, III орындармен марапатталып, үздік нәтиже көрсеткен топ анықталды.
13 қараша 2026 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№85 (10553)

10 қараша 2026 ж.

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 325
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 464

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30