» » Қар жауып, көктайғақ болады: синоптиктер 8 қарашаға болжам жасады

Қар жауып, көктайғақ болады: синоптиктер 8 қарашаға болжам жасады

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі күні елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдің оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс өңірлерде көктайғақ болады.
Сонымен қатар бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Мұндай қауіп Атырау облысының солтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, Қызылорда облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Абай облысының оңтүстігінде болжанып отыр.
Ал Қызылорда облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында және Жетісу облысының шығысында өрт қаупі төтенше деңгейге жетуі мүмкін.
07 қараша 2026 ж. 51 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 276
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 433

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30