» » 6 тамызға арналған ауа райы болжамы

6 тамызға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 6 тамыз, сәрсенбі күнгі ауа райына болжам ұсынды. Мамандардың мәліметінше, елдің басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Malim.kz.
Болжамға сәйкес, елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады, екпіні күшті жел соғады.
"Тек оңтүстік-батыста, еліміздің оңтүстігінде күн жауын-шашынсыз болады", - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте – шаңды дауыл соғады, ал түнде және таңертең солтүстікте, шығыста – тұман түседі.
Ауа температурасы мынадай болады:
Күндіз Атырау облысында қатты ыстық – 35-39°С;
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде – 35-36°С аптап ыстық.
Павлодар облысының солтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысы, оңтүстігі мен орталығында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, Атырау мен Ақтөбе облыстарының батысында жоғары өрт қаупі бар.
Түркістан, Алматы облысының солтүстігі, шығысы мен орталығы, Қызылорда облысының оңтүстік жартысы, Жамбыл облысының солтүстігі, батысы мен шығысы, Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігі, Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен орталығы, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының оңтүстігі, Ұлытау облысы, Абай облысының оңтүстігі мен орталығы, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.



06 тамыз 2025 ж. 310 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 787
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930