» » Жаңбыр, қар және көктайғақ: синоптиктер 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Жаңбыр, қар және көктайғақ: синоптиктер 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

"Қазгидромет" 2025 жылғы 13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжам бойынша, атмосфералық фронттардың әсерінен республика аумағында ауа райы тұрақсыз болады — жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
Еліміздің көптеген өңірінде желдің күшеюі болжанады. Батыс, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста тұман түсуі ықтимал, ал шығыс, солтүстік-шығыс және орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында үсік жүруі мүмкін.
Маңғыстау, Батыс Қазақстанның солтүстігі, Атырау облысының солтүстік-шығысы мен батысы, Ақтөбе облысының оңтүстігі, солтүстігі және шығысы, Жамбылдың орталығы, Алматының батысы, Қостанайдың оңтүстік-батысы мен Ақмола облысының батысында, Ұлытау облысының шығысы мен орталығында, Жетісу және Абай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда, Түркістан облысының батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен шөлді аудандарында, Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Батыс Қазақстанның солтүстік-батысы, оңтүстігі және оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, сондай-ақ Ұлытау мен Қостанай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болжанады.
12 қазан 2025 ж. 277 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

№21 (10488)

23 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 122

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 482

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930