» » КӨРКЕЙГЕН ӨЛКЕНІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

КӨРКЕЙГЕН ӨЛКЕНІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

Қазақстан кәсіпкерлері күніне орай ауданымызда іскер азаматтардың еңбегін бағалауға арналған мерекелік жиын өтті. «Руханият» орталығында ұйымдастырылған шараға аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев қатысып, аудан экономикасының дамуына үлес қосып жүрген кәсіп иелерін кәсіби мерекесімен құттықтады.
Жиында сөз алған Диас Асылбекұлы кәсіпкерліктің ел экономикасындағы маңызына тоқталып, шағын және орта бизнестің ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына қосып отырған үлесін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім көлемі 9 537,0 млн теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,1 пайызды құраған. Бұл көрсеткіштің қалыптасуында жергілікті кәсіпкерлердің табанды еңбегі мен іскерлік бастамалары айрықша рөл атқарады. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары кәсіп иелерінің тек экономикалық салада ғана емес, қоғамдық өмірде де белсенділік танытып, қайырымдылық шараларына қолдау көрсетіп келе жатқанына ризашылығын білдірді. Басқосуда өңірдің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және кәсіпкерлік саласының дамуына үлес қосқан бірқатар азамат облыс және аудан әкімдерінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков кәсіп иелеріне ізгі тілегін арнап, ақ батасын берді. Сондай-ақ «Қармақшы даму» кәсіпкерлер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмас Қаржаубаев пен аудан кәсіпкерлері Жанар Бұқпанова, Нұрдидар Мырзабек сөз алып, әріптестеріне құттықтауларын жеткізді. Олар кәсіпкерлікті өркендету, жаңа бастамаларды қолдау және іскерлік ортаны дамыту жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. Кәсіпкерлік – тек табыс көзі емес, ол жаңа жұмыс орындарын ашып, елді мекеннің әлеуетін арттыруға және қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды сала. Осы жолда адал еңбек етіп, туған жердің өркендеуіне атсалысып жүрген кәсіп иелерінің жетістігі – аудан экономикасының берік негізі. Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.

Алан ЕРЕН
07 қараша 2026 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 271
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30