» » ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫНА МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫНА МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Қызылорда облысының құрметті азаматы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Серік Дүйсенбаевты 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады. Өңірдің дамуына және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, өнегелі еңбек жолына тоқталды.
«Сыр өңірінің шежірелі тарихында туған жерінің өркендеуіне күш-жігерін арнаған, қай салада қызмет етсе де, ел мүддесін, жауапкершілікті жеке бас мүддесінен жоғары қойған азаматтар аз емес.
Солардың қатарында саналы ғұмырын адал еңбекке, қоғамның дамуына, ел ішіндегі ынтымақ пен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға арнап келе жатқан Серік Әбішұлы Дүйсенбаевтың орны ерекше.
Ағамыздың көп жылғы жемісті еңбегі мемлекет тарапынан жоғары бағаланып, «Құрмет» және «Парасат» ордендерімен марапатталды. Бұл – ел дамуына сіңірген еңбегіне, қоғам алдындағы абыройы мен беделіне берілген лайықты баға.
Бүгінде ардагер қауымының көшбасшысы ретінде аға буынның өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында қажырлы еңбек етіп келесіз. Өнегелі өмір жолыңыз, елге деген жанашырлығыңыз бен адал қызметіңіз жас ұрпаққа әрдайым үлгі», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Басқосуда мерейтой иесіне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың және облыс әкімінің құттықтаулары табысталып, дәстүрге сай сый- құрмет көрсетілді.
Мемлекет және қоғам қайраткері Әбілғазы Құсайынов пен мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов, қаржы саласының ардагері Дайрабай Ысқақов ізгі лебіздерін жеткізді.
Серік Әбішұлы 1951 жылы 6 қарашада Шиелі ауданында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында инженер-механик, Қызылорда гуманитарлық университетінде қаржыгер мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын «Қызылорда нан өнімдері» өндірістік бірлестігінде инженер-механик болып бастап, бас механик, бас инженер, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Аталған кәсіпорынның бас директоры ретінде өндіріс жұмысын басқарды.
Одан кейінгі жылдары кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық, жергілікті басқару және әлеуметтік салаларда жауапты қызметтер атқарды. «Ел ырысы» серіктестігінің басшысы, Қызылорда ауданаралық жылу орталығының директоры, Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі болды.
2013-2018 жылдары қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін басқарып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, мұқтаж азаматтарды қолдау бағытында еңбек етті.
Сонымен қатар қалалық мәслихаттың бірінші және үшінші шақырылымдарының депутаты ретінде өзекті мәселелерді көтеріп, жергілікті өкілді органның жұмысына белсене қатысты.
Серік Әбішұлы қоғамдық қызметте де белсенділік танытып, 2017-2025 жылдары Қызылорда қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы болды. Осы кезеңде қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға, азаматтық бастамаларды қолдауға және қоғамдық бақылау жұмыстарына елеулі үлес қосты.
 
 
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
07 қараша 2026 ж. 50 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 271
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30