» » Аймақ басшысы ел ағасы Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады

Аймақ басшысы ел ағасы Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, "Құрмет" орденінің иегері Оразғали Бекпановты 85 жас мерейтойымен құттықтады. Жиынға облыстық мәслихаттың төрағасы, ардагерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Аймақ басшысы еңбекті елеу, азаматқа лайықты құрмет көрсету, халық болып ризашылық таныту елдіктің белгісі екенін атап өтіп, мерейтой иесіне құттықтауын жеткізді.

«Сыр өңірі – құт-береке дарыған, бабалар дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтастығы үзілмеген қасиетті мекен. Еңбегімен елге сыйлы, өмір жолы жас ұрпаққа өнеге болған еңбек адамдарынан кенде емес. Туған жер алдындағы азаматтық парызын адал атқарған жандардың ерен еңбегі, қалтқысыз адал қызметі бізге қашанда үлгі.
Биыл ел ағасы, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекпанов Оразғали Достанұлы 85 жасқа толды. Ол еңбек жолын 1959 жылы вагон депосында қарапайым слесарь болып бастаған. Теміржол училищесінде шебер, директордың орынбасары, директоры, Жаңақазалы поселкелік кеңес атқару комитетінің төрағасы, Әйтеке би кентінің әкімі лауазымдарында болды. Кент әкімі кезінде аудан орталығының әлеуметтік-экономикалық өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты.
Оразғали Достанұлы зейнетке шықса да, қоғамдық өмірге белсене араласып, Қазалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметінде елді бірлікке үндеп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие көрсетіп келеді.

Сыр жұртшылығы аймақтың дамуына үлес қосқан, елдің ыстық ықыласына бөленген өздеріңіздей жерлестерімен мақтанады. Тілеулес азаматтардың атынан мерейтойыңызбен шын жүректен тағы да құттықтаймыз! Жастарға жол көрсетіп, әрқашан игі істердің басында жүргейсіз. Мерейлі сәтте Өзіңізге мықты денсаулық, жақындарыңызға амандық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін,» – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында облыс әкімі мерейтой иесіне Қызылорда облысының Құрмет грамотасын табыстап, дәстүрге сай құрмет көрсетті. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Әлімбай Қасқырбай құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін білдірді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
29 қыркүйек 2025 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031