» » ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

ЕЛ ДАМУЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒДАРЫ

Ел президентінің Жолдауы – мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындайтын, қоғамның өзекті мәселесін шешуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды құжат. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, білім мен ғылымды дамыту, цифрлық технологияны енгізу, азаматтардың өмір сүру сапасын көтеру және ұлттық құндылықты сақтау кеңінен қамтылады. Жолдаудың басты маңызы – ел болашағына қатысты мақсатты нақтылап, сол міндетті жүзеге асыруға қоғамды жұмылдыруында.
Жолдауда білім беру мен жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше назар аударылып келеді. Себебі мемлекеттің ертеңі – білімді, саналы, отаншыл жастардың қолында. Білімді ұрпақ қалыптастыру үшін оқу орындарының материалдықтехникалық базасын жетілдірумен қатар, педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру, оқушылар мен студенттердің кітап оқуға қызығушылығын дамыту маңызды. Кітап оқу адамның дүниетанымын кеңейтіп, ойлау қабілетін жетілдіреді, сөздік қорын байытады және рухани дамуына ықпал етеді.
Сондай-ақ қазіргі заман талабына сай цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – маңызды. Жаңа технологияларды білім беру, өндіріс және қызмет көрсету саласына енгізу еңбек өнімділігін арттырып, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Алайда технологиялық даму ұлттық тәрбие мен адамгершілік құндылықтарынан ажырамауы тиіс. Жас ұрпақ жаңашылдыққа ұмтылумен бірге ана тілін, тарихын, мәдениетін құрметтеуі керек.
Президент өз жолдауында: – Біз «Заң мен Тәртіп» қағидатына бағына отырып, адал еңбек ету арқылы көздеген мақсаттарымызға міндетті түрде қол жеткіземіз және келер ұрпаққа лайықты мұра қалдырамыз.
Бұған дейін бірнеше мәрте айттым, тағы да қайталаймын: бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер кезеңінде елдің бірлігі мен қоғамның әлеуметтік тұғырын барынша нығайта түсуіміз қажет.
Біз сонда ғана стратегиялық міндеттерімізді толық орындай аламыз.
Осы жолмен жүрсек, Қазақстан әлемдік өркениет көшінің алдыңғы шебінен лайықты орын алатынына кәміл сенемін.
Жалпы, кез келген реформаны іске асыру үшін заңдарды жетілдіру, саяси институттарды нығайту жеткіліксіз. Ең алдымен, сана жаңғыруға тиіс. Еліміз орнықты дамуы үшін қоғамда жаңа этика орнығуы қажет. «Адал азамат» идеологиясы өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуы керек.
«Әрекет түбі – берекет» деген халқымыз. Сондықтан мейлінше ширақ болып, отаншыл азамат екенімізді жасампаз істермен көрсету аса маңызды.
Ал отаншыл болу – заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз. Заңға құрметпен қарайтын адам табысты болады, – деп атап көрсетеді.
Жолдаудағы міндеттердің нәтижелі орындалуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әр азаматтың белсенділігіне де байланысты. Әр адам өз қызметіне жауапкершілікпен қарап, қоғам игілігі үшін адал еңбек етсе, елдің дамуына үлес қосады. Әсіресе білім беру саласы қызметкерлерінің, кітапханашылардың және тәрбиешілердің жас ұрпақтың бойына білімге құштарлық, отансүйгіштік пен еңбекқорлық әдебін сіңірудегі орны ерекше.
Қорытындылай келе, Президент Жолдауы – еліміздің болашақтағы даму бағдарын айқындайтын маңызды бастамалар жиынтығы. Оның құндылығы белгіленген мақсаттардың нақты іспен ұштасуында. Сондықтан Жолдауда айтылған міндеттерді жүзеге асыруға әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет. Бірлік, жауапкершілік, білім және адал еңбек арқылы ғана қуатты мемлекет құрып, келер ұрпаққа жарқын болашақ қалдыра аламыз.
Айкүнім МЕДЕУБАЕВА,
№269 орта мектептің кітапхана меңгерушісі
05 қараша 2026 ж. 47 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 260
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 417

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30