Топ-баннер
Топ-баннер2
» » БІЛІМ МЕН САНАЛЫ ҰРПАҚ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

БІЛІМ МЕН САНАЛЫ ҰРПАҚ – ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Қармақшы ауданында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция өкілдерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында коалицияның аудандық өкілдері – Әділ Қошалақов, Ерболат Ұзақбаев, Дәулет Қанатбай және Ләззат Есханова №250 мектеп-лицей ұжымымен жүздесті.

Кездесу барысында жаңа Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, елдегі саяси жаңғыру үдерістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жастар саясатын дамыту және қоғамдық белсенділікті арттыру бағытындағы бастамалар туралы айтылды. Сонымен қатар, білім саласының қоғам дамуы мен ел болашағын қалыптастырудағы айрықша рөліне ерекше назар аударылды.

Жиын барысында сөз алған Әділ Қошалақов білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу – кез келген мемлекеттің стратегиялық бағыты екенін атап өтті.

«Бүгінгі өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Бұл үдерісте білім саласының маңызы ерекше. Себебі елдің ертеңі – сапалы білім алған, саналы әрі белсенді жастардың қолында. Сондықтан жастар білімге ұмтылып қана қоймай, қоғам өміріне белсенді араласып, ел дамуына өз үлесін қосуы қажет», – деді ол.

Кездесу барысында мұғалімдер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ел болашағына қатысты ой-пікірлерін білдірді. Ашық әрі еркін форматта өткен жиын білім мен тәрбие мәселесін, азаматтық жауапкершілікті және ел болашағына деген ортақ көзқарасты талқылауға мүмкіндік берді.

Мұндай кездесулер білім ордаларында жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың ел тағдырына бейжай қарамайтын белсенді азамат болып қалыптасуына жол ашады.

12 наурыз 2026 ж. 41 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 609
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 399

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031