» » ЖАСТАРҒА ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ЖАСТАРҒА ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ


“Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты Жалпыұлттық коалицияның Қармақшы аудандық өкілдері Әділ Қошалақов, Ғалымжан Ақжігітов, Нұрлан Бақтияров, Қуаныш Айдарбек және Нұржұман Пірназаров аудандағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында жастармен кездесті.
Кездесу барысында жаңа Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы жөнінде кеңінен түсіндірді және елдегі саяси жаңғыру үдерістері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жастар саясатын дамыту және қоғамдық белсенділікті арттыру бағытындағы бастамалар сөз болды.
Жиын барысында «Бүгінгі өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту. Бұл үдерісте жастардың белсенділігі ерекше маңызды. Себебі елдің ертеңі – білімді, саналы және белсенді жастардың қолында», – деп Әділ Қошалақов атап өтті.
Белсенді жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ел дамуына қатысты ой-пікірлерін білдірді.

10 наурыз 2026 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30