ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АРНАЛҒАН СЕНІМДІ БАҒДАР
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялап, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын белгілеп берді. Президенттің бұл Жолдауы – қазіргі уақыттағы ішкі және сыртқы сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның даму жолын айқындайтын маңызды саяси құжат.
Жолдауда көтерілген жеті негізгі бағыт – инвестициялық саясат, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру және әлеуметтік сала – барлығы ел дамуының жаңа кезеңіне өтуге бағытталған. Бұл бастамалардың әрқайсысы еліміздегі түрлі салалардың өзекті мәселелерін шешуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға негізделген.
Президент әлеуметтік саланы дамытуға, халықтың денсаулығын қорғауға және өмір сүру сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Бұл – мемлекеттік құрылымдар мен сала мамандарының жұмысына үлкен жауапкершілік жүктейді. Халықпен тығыз жұмыс істейтін барлық сала өкілдері, соның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметте, Жолдаудағы басым бағыттар мен қағидаларды басшылыққа ала отырып, өз қызметін одан әрі жетілдіруге ұмтылуы тиіс.
Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің басты мақсаты – халықтың денсаулығын қорғау және қауіпсіз орта қалыптастыру. Бұл – тек бір саланың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Президент Жолдауында айтылғандай, елдің дамуына әрбір азамат өз үлесін қосуы қажет. Бұл тұрғыда біздің сала да қоғаммен ашық диалог орнатып, халықтың денсаулығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізе береді.
Президент Жолдауы – еліміздің стратегиялық дамуының айқын бағдары. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ретінде біз бұл Жолдауда көрсетілген міндеттерді қолдай отырып, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыра бермекпіз. Ел болашағы үшін жауапкершілік – баршамызға ортақ.
А.ӘБЖАППАРОВА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы