«ДАЛА ДӘМІ – 2026» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Бүгін Жосалы кентінің С.Сүлейменов көшесінің бойында «ДАЛА ДӘМІ – 2026» ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымды жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Молшылық мерекесіне айналған шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысып, жергілікті шаруалардың өнімдерімен танысты.
Жәрмеңкеге ауданның барлық кент, ауылдық округтерінен келген диқандар 48 автокөлікпен жалпы көлемі 105 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді.
Атап айтқанда, 21 тонна ақ күріш, 72 тонна бақша, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері, 5,3 тонна балық, 0,8 тонна ет және ұлттық тағамдар, сүт өнімдері, бал, кондитерлік өнімдер мен үйде дайындалған түрлі өнімдер ұсынылды.
Сонымен қатар 5 тонна мал азығы (жем, күріш қалдығы, сечка, мучка), 1300 дана мал азығы және 10 бас қой-ешкі саудаға шығарылды.
Береке мен еңбектің мерекесіне айналған шара барысында жергілікті өнерпаздар әсем ән мен күйден шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.














