» » ҚАРМАҚШЫДА БЕРЕКЕЛІ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫДА БЕРЕКЕЛІ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ


Қармақшы ауданының Т.Рысқұлов көшесінің бойында «Республика күні» мен «Алтын күз – 2025» мерекелеріне орай ауыл шаруашылығы өнімдерінің кең ауқымды жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Молшылық мерекесіне айналған шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары, ардагерлер қатысып, жергілікті шаруалардың өнімдерімен танысты.

Жәрмеңкеге ауданның барлық ауылдық округтері мен кенттерінен келген диқандар 38 автокөлікпен 114 тонна өнім жеткізді. Оның ішінде 25 тонна күріш, 50 тонна жеміс-жидек, көкөніс пен бақша өнімдері, 2 тонна сүт, ет және балық өнімдері, сондай-ақ 37 тонна жем-шөп тұрғындарға нарық бағасынан 15–20 пайыз төмен бағамен ұсынылды.

Береке мен еңбектің мерекесіне айналған шара барысында жергілікті өнерпаздар әсем ән мен күйден шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Айта кетейік, өткен аптада облыс орталығында өткен «Алтын күз – 2025» жәрмеңкесіне де Қармақшылық шаруалар 51 жүк көлігімен 100 тоннаға жуық өнім жеткізіп, сапалы өнімдерімен жоғары бағаланған болатын.

26 қазан 2025 ж. 237 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930