» » «АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ШИЕЛІДЕ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

«АЛТЫН КҮЗ – 2026»: ШИЕЛІДЕ ЕҢБЕК ОЗАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шиелі ауданында «Алтын күз – 2026» мерекесі аясында даңғайыр диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың 135 жылдығына арналған «Жұлдызы жарық Шиелі» атты театрландырылған қойылым көрсетіліп, ауыл шаруашылығы саласының еңбек озаттарын марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты шараға облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, Еңбек Ерлері Асқар Жұмаділдаев, Имамзада Шағыртаев, Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Жанар Бимұратқызы, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Аймақ басшысы диқандарға алғыс білдіріп, аграрлық саладағы жетістіктерге тоқталды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы Жолдауында Қызылорда облысының шаруалары қатаң климатқа қарамастан жүгері мен соя өсіріп, терең өңдеуді қолға алғанын ерекше атап өтті. Бұл – Президенттің Сыр еңбеккерлеріне берген жоғары бағасы. Алдағы уақытта да диқандарымыз аграрлық саланы жаңа деңгейге көтеріп, еңбегін еселей түсетініне сенемін.
Соңғы жылдары облысымыз ел дамуының көшінде алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биыл ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 37 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе көп. Осы жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығында 178 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Халқымыз «Бір түйір дәнде бір тамшы тер бар» дейді. Күннің ыстық-суығына қарамай, уақытпен санаспай, тынымсыз еңбек етіп, ел қамбасын астыққа толтырған барша диқандарымызға айрықша алғысымды білдіремін. Өңірдегі тұрақтылық пен экономикалық өсім – сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі. Ұлттық дәстүрімізді ұлықтап, рухымызды асқақтататын осындай өнегелі шаралар ынтымағымызды арттырып, берекемізді тасыта берсін» ,– деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мерекелік шарада ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген азаматтарға Премьер-министрдің және облыс әкімінің Алғыс хаттары, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Үздік шаруашылық», «Озат күріш өсіруші», «Озат комбайншы» номинациялары бойынша марапаттар берілді. Еңбек озаттарына тұрғын үй кілті және 1 миллион теңгелік қаржылай сертификаттар табысталып, Ыбырай Жақаевтың ұлы Жақаев Сейітбек Ыбырайұлына автокөлік сыйға тартылды.
Жиында Құрылтай депутаты Серік Салауатұлы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Имамзада Қуанышбайұлы құттықтау сөз сөйлеп, Шиелі ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Сұлтанбек Қойшыбайұлы ақ батасын берді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
31 қазан 2026 ж. 55 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 188
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 380

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30