» » Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті

Аймақ басшысы ел ағаларымен кездесті



Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев алғашқы жұмыс сапарын Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешенінде ел ағалары, зиялы қауым өкілдері және ардагерлермен кездесуден бастады.

Оған Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев,
облыстық мәслихат төрағасы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, облыстық, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары қатысты.

Кездесуде аймақ басшысы ақсақалдардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы рөліне тоқталып, аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ой-пікірлері қашанда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, ел ағаларының ұсыныстары мен ақыл-кеңестері әрдайым ескерілетінін жеткізді.

Ардагерлер облыс басшысының алдағы істеріне сәттілік тілеп, алғашқы қадамды жиналыстан емес, киелі орыннан, тағылымды кездесуден бастағанына ризашылық білдірді.

Мұрат Нәлқожаұлы Марал ишан кесенесіне де арнайы барып, ондағы атқарылған жұмыстармен және қазіргі жағдайымен танысты.
Жосалы кентінен шығысқа қарай 18 шақырым жердегі кесененің төлқұжаты облыстық бюджет есебінен жаңартылып, қорғау тақтасы орнатылды. Жергілікті маңызы бар микросакралды киелі орындар тізіміне енгізілді. Ал 2018 жылы аудандық бюджет есебінен жаңғыртылып, облыстық бюджет қаржысына 3D форматтағы интерактивті карта әзірленді.
2024 жылы облыстық бюджеттен 252,3 млн теңге бөлініп, 6,5 шақырым «Жалағаш – Жосалы – Марал ишан» автомобиль жолы жөнделді.
11 мамыр 2026 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 840
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930