» » ТӨРЕТАМ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ :ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ

ТӨРЕТАМ ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ :ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ


Бүгін Төретам теміржол вокзалының да ашылу салтанаты өтті. Оған Қармақшы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ҚР Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Аймақ басшысы теміржол инфрақұрылымын дамытудағы жұмыстарға тоқталып, вокзалдарды заман талабына сай жаңғырту тұрғындар үшін де, аймағымызға келетін қонақтар үшін де маңызды екенін атап өтті.
«Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабында орналасқан, өңірлерді бір-бірімен жалғаған маңызды көлік дәлізі. Облыс аумағынан 15жолаушы пойызы өтеді. Облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей,Түркістан қалаларына пойыз қатынайды.
Бүгін – қасиет қонған, Қорқыт баба дүниеге келген Қармақшы ауданында қуанышты күн!Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызы зор жобалар – Төретам және Жосалы теміржол вокзалдарын пайдалануға береміз. Ел игілігі жолындағы барлық бастамаға сәттілік тілейміз!Сондай-ақ осы нысанды күрделі жөндеуден өткізуге үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді Мұрат Ергешбаев.

Рәсімде Құрылтай депутаты Мағжан Ералиев сөз сөйлеп, Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ақ батасын берді. Теміржол саласының және мердігер мекеменің қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Төретам теміржол вокзалының тарихы Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу және қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Станция арқылы айлаққа қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар және жүк тасымалданған.
Жаңғыртылған вокзал тәулігіне 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу кезіндеғимараттың қасбеті мен іргетасы қапталып, шатыр жабыны, есік-терезелері ауыстырылды. Электр желілері жаңартылып, жылу жүйесі жүргізілді,заманауи талапқа сай жабдықталды.

Мұнда жолаушыларға арналған күту залы, мүгедектігі бар және балалы жолаушыларға арналған арнайы бөлмелер, медициналық пункт қарастырылған. Қайта жаңғырту жұмыстарына 1 млрд теңге қаржы бөлінді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

18 қыркүйек 2026 ж. 73 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 869
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 125

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930