» » «ЕГЕМЕНДІККЕ БАСТАҒАН ЖОЛ» – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚҰРМЕТ

«ЕГЕМЕНДІККЕ БАСТАҒАН ЖОЛ» – ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ, ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚҰРМЕТ

Республика күніне орай «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының «Білім» бастауыш партия ұйымының төрағасы Садықова Жазира Қанағатқызының ұйымдастыруымен Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінде «Егемендікке бастаған жол» тақырыбында тарихи-танымдық кездесу өтті.

Тағылымды кездесуге партия ардагерлері Ануар Дауленбаев пен Шайхибек Сүйеуімбетов, ардагер ұстаз Несібелі Күбесова, тарихшы Ибраимова Гүлмира апай және «Әділет» партиясы Байқоңыр филиалының кеңесшісі Муханова Кенжегүл қатысты.

Кездесу барысында аға буын өкілдері еліміздің тәуелсіздікке жету жолы, тарихи кезеңдер мен ұлттық құндылықтардың маңызы жөнінде ой бөлісіп, жастарға өмірлік тәжірибелерімен бөлісті. Олар жас ұрпақты Отанын сүюге, ел тарихын құрметтеуге, тәуелсіздіктің қадірін білуге және еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Өз кезегінде Муханова Кенжегүл жастарға сапалы білім алып, қоғамның дамуына үлес қосатын, ел болашағына жауапкершілікпен қарайтын азаматтар болып қалыптасуларына тілектестік білдірді.

Осындай тағылымды кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жастардың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын арттыруға бағытталған маңызды іс-шаралар. Өткенді ұлықтап, бүгінді бағалау арқылы ғана болашаққа нық қадам баса аламыз.

Егемендік – ата-бабамыздың асыл арманы, бүгінгі ұрпақтың баға жетпес байлығы! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем, еліміздің болашағы жарқын болсын!

Республика күні құтты болсын!
23 қазан 2026 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 134
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 329

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031