» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕР АПТАЛЫҒЫ АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ҚАМЫСТЫБАС АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ


Табиғатты қорғау – бүгінгі күннің міндеті ғана емес, келер ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілік.

Бұл мақсат жолында белсенділік танытып, игі бастамаларды жүзеге асыруға ұмтылған еріктілердің еңбегі айрықша мәнге ие.

Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – «GREEN ARAL: VOLUNTEERS FOR LIFE – 2026» халықаралық волонтерлер апталығы.

Қызылорда қаласында басталған ауқымды шара Арал ауданына қарасты Қамыстыбас ауылдық округінде жалғасын тауып, табиғат жанашырлары мен белсенді волонтерлердің басын қосты.

Көгілдір көлдің жағасында ұйымдастырылған еркін форматтағы кездесудің негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау ісіндегі ортақ жауапкершілікті нығайту.

Мазмұнды кездесу барысында жастарға қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен тағамдары, тарихи жәдігерлері мен мәдени мұрасы таныстырылып, өнерпаздар ән мен жырдан шашу тарту етті.

Кездесу аясында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Тлеумбетов сөз сөйлеп, халықаралық волонтерлер апталығының маңыздылығына тоқталды. Ол еріктілік қызметтің қоғамды ізгілікке ұйыстырудағы рөлін атап өтіп, жастардың табиғатты қорғау мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуының маңызын жеткізді. Сондай-ақ, ортақ мақсат жолында бас қосқан қатысушыларға сәттілік тілеп, бастаманың нәтижелі болуына ізгі ниет білдірді.

Басқосу барысында жастардың өзара қарым-қатынасын нығайтуға, еркін пікір алмасуға бағытталған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен келген қатысушыларды біріктірген бұл еркін форматтағы басқосу тәжірибе алмасып қана қоймай, жаңа бастамаларға жол ашатын маңызды алаңға айналмақ.
21 қазан 2026 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 106
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031