» » ҚЫЗМЕТКЕР ҚОРҒАНЫ

ҚЫЗМЕТКЕР ҚОРҒАНЫ

ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БҰЗЫЛСА НЕМЕСЕ ҚИЫН ЖАҒДАЙҒА ТАП БОЛСА, ОНЫҢ ЖАНЫНАН КІМ ТАБЫЛАДЫ? ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУҒА КІМ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ? БҰЛ СҰРАҚТАРДЫҢ ЖАУАБЫН КӘСІПОДАҚ ҚЫЗМЕТІНЕН ТАБУҒА БОЛАДЫ. ӨЙТКЕНІ КӘСІПОДАҚТЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ – ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕСІН ҚОРҒАП, ҚАЖЕТ КЕЗДЕ НАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ.
Медицина саласында бұл жұмыстың маңызы айрықша. Күн сайын адам өмірі мен денсаулығына жауап беретін дәрігер, мейіргер, аяжан және басқа да медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен еңбек етеді. Осындай ұжымда олардың еңбек құқығын қорғап, әлеуметтік мәселелеріне қолдау көрсететін кәсіподақ ұйымының орны ерекше.
Аудандық аурухананың бастауыш кәсіподақ ұйымына 714 қызметкер мүше. Яғни аурухана ұжымы кәсіподақпен толық қамтылған. Ұйымды кәсіподақ төрайымы Зағипа Көпбергенова басқарады.
Кәсіподақтың негізгі жұмысы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Ұйым еңбек қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларына назар аударып, ұжымдық шарт талабының орындалуына ықпал етеді. Қызметкерлердің өтініштері мен ұсыныстары қаралып, қажет болған жағдайда құқықтық кеңес беріледі. Сонымен бірге спорттық және кәсіби іс-шараларға қатысуына қолдау көрсетіледі. Соңғы уақытта жақынынан айырылған 13 қызметкерге қаржылай көмек көрсетілсе, емделуге байланысты 16 қызметкер материалдық қолдауға ие болған. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында 10 балаға балалар лагеріне 50 пайыздық жеңілдікпен жолдама берілген. Кәсіби және спорттық белсенділік танытқан қызметкерлер де назардан тыс қалмайды. Мәселен, 5 қызметкердің «Үздік медбике» байқауына қатысуына көмек көрсетілген. Ал шахматтан Senat Open жарысының оңтүстік өңірлік жартылай финалында І орын иеленген қызметкерге кәсіподақ тарапынан қолдау білдірілді.
Жұмыстың негізгі мақсаты жөнінде сала маманымен пікірлескен едік.
– Кәсіподақ жұмысының басты мақсаты – қызметкердің мәселесін тыңдап қана қоймай, оның шешілуіне нақты қолдау көрсету. Қиын жағдайға тап болған, емделуге мұқтаж немесе отбасында қайғылы жағдай болған қызметкерлерге мүмкіндігінше материалдық көмек көрсетіледі. Әрбір кәсіподақ мүшесі өзін назардан тыс қалмағанын сезінуі маңызды, – дейді аудандық аурухананың ішкі аудит мейіргері, баспасөз қызмет маманы Назерке Пірманова.

Әлеуметтік қолдаумен қатар қызметкерлердің жеке өтініштері де қаралады. Қажет болған жағдайда қаржылай көмек көрсетіліп, еңбек құқығына қатысты мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен бірге медицина саласының ардагерлері мен зейнеткерлеріне мерекелік және әлеуметтік қолдау көрсетуге де мән берілуде.
Кәсіподақ үшін маңыздысы – қызметкердің мәселесін тыңдап қана қоймай, оның шешілуіне ықпал ету. Осы ұстаным ұйымның күнделікті жұмысынан көрініс табады. Қажетті жағдайда көмек көрсету, құқықтық бағыт-бағдар беру және еңбек қауіпсіздігіне көңіл бөлу – негізгі міндеттің бірі.
Алдағы уақытта да кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда. Әлеуметтік қолдау көрсету, еңбек жағдайларын жақсартуға ықпал ету, құқықтық сауаттылықты арттыру, еңбек қауіпсіздігіне көңіл бөлу, жас мамандарды қолдау және медицина саласының ардагерлеріне құрмет көрсету – негізгі бағыттың қатарында. Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби байқауларға, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысуына, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қолдау көрсету, кәсіподақ мүшелерінің ұсыныс-тілектерін ескере отырып жаңа әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Қызметкердің кәсіподақ мүшелігімен толық қамтылуы – ұйымға деген сенімнің көрінісі. Ал сол сенімді ақтау үшін кәсіподақ ұйымы – қызметкердің мәселесін дер кезінде тыңдап, мүмкіндігінше шешім табуға ықпал ету. Өйткені еңбек адамы өзін жалғыз сезінбеген жерде ұжымның бірлігі де арта түседі.
Бауыржан ЖҮНІС
10 қазан 2026 ж. 38 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 014
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 241

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031