» » КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ

КӘСІПОДАҚ - ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ


Білім бөлімі және кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен аудандық оқушылар үйі базасында 10 қазан - Қазақстан Кәсіподақтар күні мерекесіне орай іс-шара өткізілді.

Іс-шараға арнайы білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы бастауыш кәсіподақ төрағаларын мерекесімен құттықтап, кәсіподақтың басты мақсаты–кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, әлеуметтік әріптестік қағидаттарын дәйекті және жүйелі іске асыру, ұжымдағы ахуалдың, қауіпсіз еңбек жағдайларын қалыптастыруда зор үлес қосып отырған ұйым екендігіне тоқталды.

Сонымен қатар кәсіподақ ұйымы еңбеккерлердің әділ еңбекақы мен қауіпсіз еңбек жағдайларымен қатар адамның ертеңгі күнге деген сеніміне, кәсіби өсу мүмкіндігі және адам қадір-қасиетіне қашанда құрметпен қарайды. Кәсіподақ осы құндылықтардың әрбір еңбеккердің өмірінде шынайылыққа айналуы үшін өз жұмысын табандылықпен жалғастыруда. Сондықтан да мектепте бастауыш кәсіподақ төрағасы ұжым ұйытқысы, көшбасшысы болуы тиіс. Көшбасшының қасиеттері – бұл мақсаттылық, қамқорлық, қарым-қатынас орнату арқылы ұжыммен бір бағытта болу керек екендігін басты айтты.

Осы орайда білім бөлімі басшысы іс-шара аясында бастауыш кәсіподақ төрағалары мен белсенді жас ұстаздарды марапаттап, қызметтеріне сәттілік тіледі.

12 қазан 2025 ж. 271 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930