» » «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТУҒАН ЖЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТУҒАН ЖЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ – ТАЗАЛЫҚТАН БАСТАЛАДЫ


Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қармақшы ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолғы тазалық шарасы туған жерге деген жанашырлықты, ортақ іске жұмылған бірлікті кеңінен айшықтай түсті.

Игі бастамаға барлық кент, ауылдық округтер, бөлім, мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілермен қатар Ауған соғысы ардагерлері, «Семей–Невада» қозғалысының өкілдері, Чернобыль апатының зардаптарын жоюға қатысқан азаматтар және Әйелдер кеңесінің мүшелері белсенді қатысты.

Сенбілікке аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, елді мекендерде атқарылып жатқан жұмыстарды аралады. Тазалық шарасы аясында тұрғындармен кездескен аудан басшысы:

«Президентіміздің бастамасымен және облыс әкімінің қолдауымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауданымызда тазалық пен абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бүгінде бірлігі бекем, тірлігі тату ауданымызда тазалық жұмыстары жүйелі жолға қойылғанының нәтижесінде киелі мекеніміз көркейіп, таза да көрікті аудан ретінде алдыңғы қатардан көрінуде. Біздің басты мақсатымыз – келер ұрпаққа таза табиғат, көрікті елді мекен және экологиялық мәдениеті жоғары қоғам қалыптастыру. Осы орайда барша аудан тұрғындарын «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысуға, қоршаған ортаны қорғауға және тазалықты сақтауға шақырамын!» – деді.

Сенбілік барысында белгіленген аумақтарда тазалық жұмыстары жүргізіліп, көшелер мен қоғамдық орындар ретке келтірілді. Қоршаған ортаны қоқыстан тазарту, аулалар мен мекеме аумақтарын жинау, абаттандыру бағытындағы жұмыстарға қатысушылар ұйымшылдықпен атсалысты.

Айта кетсек жыл басынан бері аудан аумағын көгалдандыру мақсатында 5 100 түп ағаш отырғызылған. Апта сайын ұйымдастырылатын сенбіліктерге 155 мекемеден 2 мыңға жуық адам қатысып келеді. Әр аптада шамамен 3 тонна қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы белгіленген орындарға шығарылады. Санитариялық тазалық жұмыстарын жүргізуге 10 арнайы техника жұмылдырылған.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 012
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 240

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031