» » ПЕРИЗАТТЫҢ КӨРКЕЙГЕН КӘСІБІ

ПЕРИЗАТТЫҢ КӨРКЕЙГЕН КӘСІБІ

Ел экономикасының құрамдас бөлігіне жататын кәсіпкерлік саласы жылданжылға қарқын алып, даму үстінде. Кәсіпкерлік – бұл ел экономикасын алға жылжытумен қатар, елдегі жұмыссыздықты азайтуға, жұмыс орындарын ашуға да септігін тигізеді. Мемлекет тек қаланың емес, ауылдық елді мекендердің де әлеуетінің өсіпөркендеуіне көңіл бөліп, қолдау білдіруде. Түрлі қайтарымсыз гранттар, басқа да кәсіп ашуға аз пайызбен несие беріліп, жеңілдік жасалуда.
Осындай мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ие болған кәсіпкер – Тұрмағамбет ауылының тұрғыны Перизат Ғалымбекова. Жастайынан Қуаңдарияның құмына ойнап өскен жас қыз еңбектің дәмін ерте сезініп өсті. Оның бұл еңбекқорлығы бой жете келе Тұрмағамбет ауылына келіп болып түсіп, ақ босаға аттанғанда да игілігін көрсетті. Тіпті ауылына қызмет етіп, кәсіп ашу да ықпалын тигізді десек, артық емес. Кейіпкеріміз – адал еңбекті жанына серік еткен жан.
– Бала кезден-ақ әкем Ғалымбек Сарбалов пен анам Дәмелі Төрежанова біздерге, яғни шаңырағындағы үш қызына жақсы тәрбие беріп, еңбекке баулып өсірді. Біз сол кісілерден адалдық, еңбекқорлық, тазалық сынды қасиеттерді бойымызға сіңірдік. Бар жақсысын беріп, бағып-қағып, әлпештеп бой жеткізді. Осы ана-анамның тәрбиесі келін атанып, ана болғанымда да көп көмегін жасады, – дейді ашық-жарқын мінезді келіншек.
Перизат Ғалымбекқызы алғашында кәсібін үйде жасап, ауыл тұрғындарынан тапсырыс қабылдап отырған. Біртебірте тапсырыс көлемі ұлғайып, мемлекеттен берілетін грантқа иек артуға бел байлапты. Сөйтіп ол, 2025 жылы «Нан өнімдерін өндіру» жобасы бойынша қайтарымсыз грант жеңімпазы атанып, екі бөлмелік жайдан наубайхана ашқан. Шағын ғимарат маңдайшасына «Нұрхан» деп жазып, кәсіпкерлігіне тұңғыш ұлының есімін берген.
Сапалы нан өнімі – қашан да сұранысқа ие. Жас кәсіпкер кәсібін кеңейту мақсатында осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие алып, кәсібін ұлғайтып отыр. Бүгінде ол бірнеше ауылды нан өнімдерімен қамтамасыз етіп, күніне нанның бес түрін шығарады. Жүз данадан аса нан өнімін таратып, кәсібін дөңгелетуде.
– Мемлекеттің қолдауы – кәсіпке үлкен дем береді. Алғашында қайтарымсыз грант жеңіп алып, кәсіп ашсам, биыл соны кеңейтуге бағдарланып, ауыл тұрғындарының әлеуетін арттыруға арналған «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жеңілдетілген несиеге қол жеткіздім. Мекен жайда кәсіпке керектінің бәрі бар. Барлық жағдай жасалған. Қаражатқа нан пісіретін түрлі пештер, қамыр илейтін құрылғылар, өнім сақтайтын тоңазытқыш, мұздатқыштар алынды.
Алда жоспарым өте көп. «Қанша өмір сүрсең, сонша іздене біл» деуші ме еді, болдым, толдым демей, ізденіп, осы кәсіппен айналысатындардан тәжірибе алғым келеді. Жұмыстарын, техникаларын көзбен көріп, танысқым келеді. Ауылда жұмыссыз жандарды жұмыспен қамтып, шағын наубайхананы үлкен наубайханаға айналдырсам. Нанның түрін көбейтіп, халыққа экоөнім ұсынсам деймін, – дейді жаңашылдыққа талпынған көпбалалы ана.
Перизат ауылда кәсіп иесі болса, отбасында ибалы келін, ұл-қыздарының ардақты анасы. 2014 жылы келін болып ақ босаға аттаған ол бүгінде жары Аманқос Оралбаевпен бірге Нұрхан, Жадыра, Аяла, Алихан есімді бүлдіршіндер тәрбиелеп отырған бақытты жан.
Сәрсенкүл ЖАУДАТБЕКҚЫЗЫ
07 қазан 2026 ж. 82 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 991
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 221

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031