» » ӨШПЕЙДІ ДАҢҚЫ ӨНЕРДІҢ

ӨШПЕЙДІ ДАҢҚЫ ӨНЕРДІҢ

(Жырау Қуандық Бүрлібаевқа)
Өткенде асу, шыңдардан,
Тұлпардың даңқы сын болған.
Қашанда жүйрік тағдыры,
Аламан топта шыңдалған.
Қорқыттың күй мен жырлары,
Жалғасқан Сақ пен Ғұндардан.
Он екі перне, қос ішек,
Сыр тартқан көне заңғардан.
Күмбір де күмбір қайырма,
Бүлкілдеп көмей толғаннан.
Мың құбылған сарын, саз,
Естілер атқан таңдардан.
Қиқулап көлден қоңыр қаз,
Өткендей жарып орманнан.
Сүлейлердің үнінен,
Өшкелі тұрған шам жанған.
Шежіреде жазулы, Шөмекей,
Әлім түстеніп, Кетеге келіп жыр қонған!
Жетіасар жұрты Қармақшы,
Өлеңі от боп лаулаған.
Жүз шайыр салған ырғақтар,
Бүр жарып гүлдей қаулаған.
Көмейі кәусар Қуандық,
Көзі еді дүрдің аумаған.
Бәйгеге түссе суырылып,
Маржандай мақам саулаған.
Қисса мен толғау ұсынды,
Толқындай тербеп тулаған.
«Көрұғұлыдағы» торының,
Шабысындай баураған.
Түнді оятып төкпе жыр,
Аққандай жаңа арнадан.
Шомылып терге малынса,
Сәйгүлік сүйек талмаған.
Аз мезгілдің ішінде,
Қалмады жері бармаған.
Жапония, Самарқан,
Шақыру хатын жолдаған.
«Алтын дауыс дарын» деп,
Таспаға жазып сомдаған.
Бой балқытып жорға әуен,
Тыңдаған құлақ қанбаған.
Жыраулыққа нәр құйып,
Толтырды тұсын толмаған.
Жалынан ұстап күреңнің,
Жұлдыздай ағып жөнелдің.
Айтқаны болар қашан да,
Құдыреті күшті Егемнің.
Дүбірі ерек дүлділ ең,
Нөсерлеп сендей төгер кім?
Күмбезін жырдың күмістеп,
Керуенді әкеп шөгердің.
Өрнегін әркім сала алмас,
Өзгеше туған өреннің.
Желісі тұрар үзілмей,
Қолымен құрған көгеннің.
Шәрбатын ішті шартарап,
Тұңғиық түпсіз тереңнің.
Өмірі қысқа болғанмен,
Өшпейді нарқы өнердің!
Сәнтөре ПІРМАНҰЛЫ,
айтыс ақыны
04 қазан 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 972
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 205

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031