» » ҰЛАҒАТ ПЕН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН ҰШТАСТЫРҒАН

ҰЛАҒАТ ПЕН ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІН ҰШТАСТЫРҒАН

Ауданның білім саласында табысты еңбек етіп жүрген мұғалімдеріміз аз емес. Олардың қатарында шәкірт бойына білім мен тәрбие тағылымын сіңіре білген алтын құрсақты ұстазаналар да бар. Сондай көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері – Дүр Оңғар ауылындағы №107 орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жұлдызай Жолмаханова.
сырға жуықтайды екен. Осы жылдар аралығында бірқатар жетістікке қол жеткізген педагог талай шәкіртке сапалы білім мен тәрбие беріп, ағылшын тілін үйренуге қызығушылығын қалыптастырған. Еселі еңбектің арқасында шәкірттері аудандық, облыстық байқауларда топ жарып, жүлделі орындардан көрінген.
Жұлдызай Садықбекқызы мектепте ұлағатты ұстаз болса, отбасында балаларының ардақты анасы. Өмірлік серігі Данияр Нұрмағанбетовпен бірге алты ұл-қыз тәрбиелеп отырған бақытты жан. Өзі балаларын ілім-білімге бағыттаса, «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің №4 өндірістік бригадасының бригадирі болып істейтін жан жары еңбек етудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Жарасымы үйлескен отбасын ауылдастары да құрмет тұтып, тату-тәтті отбасы ретінде таниды.
Шаңырақтың үлкен қызы Зухра Астана медицина университетінің жалпы медицина мамандығы бойынша (грант иегері) 4-курс студенті. Үздіктер қатарында білім алып жүр. Зайдасы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі мамандығының 3-курс студенті. Ал ұлы Нұрмұхамедияр Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша 2-курсында оқиды.
Үш перзенті мектеп қабырғасында білім алып, түрлі үйірмеге қатысып, спорттық бәсекелерде жүлделі орындар алып жүр. Бір шаңырақта алты баланың өсіп-жетіліп, әрқайсысының өз қабілеті мен қызығушылығына қарай білім алып, болашақ мамандығына қадам басуы – ата-ана тәрбиесінің жемісі деп анық айтуға болады.
– Өзімді бақытты жанмын деп есептеймін. Мамандық таңдауда да, ер-азамат таңдауда да қателескен жоқпын. Қалаулы мамандықпен қызмет етудің – қуанышы бір бөлек. Педагогикалық ұжымның ауызбіршілігі мол. Әріптестеріме ризамын. Отбасында үйдің ұйытқысы, балаларымның ардақты анасымын. Баланың жақсы тәрбие алып, болашағына қадам басқаны – ата-ана үшін ең маңызды нәрсе. Қолымыздан келгенше дұрыс жол көрсетіп, бағытбағдар беруге тырысамыз. Ер балаға әке, қыз балаға ана тәлімінің орны жоғары. Жұмысыма да, отбасының шаруасына да үлгеру керек. Бұл тұрғыда үйдегі анамыз, жолдасым, балалар бір-бірімізге демеуміз, – дейді күміс алқалы ұстаз.
Шынында да, «Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен» ананың аялы алақанына не жетсін. Ана – жарық өмірдің бастауы, мейірім мен шуақтың қайнар көзі. Жер бетіндегі игіліктің бәрі де ананың аяулы есіміне баланып, ананың атымен әспеттеледі. Қасиетті дінімізде де «жұмақ – ананың табанының астында» деп, анаға ерекше ілтипат білдірген.
«Ұрпағы жақсының – ұлағаты жақсы» демекші, қызының бірі – дәрігер болуға талпынса, бірі – анасы секілді ұстаз болуға таңдау жасаған. Ұлы жігіт бойынан қайсарлықты талап ететін дене шынықтыру саласына бел байлауы – отбасы тәрбиесінің мәуелі жемісі екені сөзсіз.
– Ұстаз үшін білім берген оқушыңның өмірден өз орнын тапқаны – үлкен мәртебе. Менің де шәкірттерімнің арасында мұғалімдікті таңдап, жас ұрпақ тәрбиесіне атсалысып жүргендері бар. Бұл қуанарлық іс. Сонымен қатар аналық тілегім – балаларымның амандығы мен еліміздің тыныштығы. Ана үшін де, ұстаз үшін де ең қымбат дүние – өзі тәрбиелеген ұрпақтың елге пайдалы азамат болып қалыптасуы дер едім. Осы мақаланы пайдаланып, алда келе жатқан ұстаздар мейрамымен барша әріптестерімді құттықтап, еңбектеріне табыс тілеймін. Дендері сау болсын. Өсіріп отырған ұрпағының қызығын көрсін. «Ұстаз – ұлылықтан жаралған» деп бекерге айтылмаса керек. Ел болашағын жас ұрпақ қалыптастырса, жас ұрпақтың тәлімі мен білімі ұстазға аманат. Сол себепті де ұстаздар қауымы, әркез абырой биігінде бола беріңіздер деген тілек білдіреді, – кейіпкеріміз.
Алты баланың тәрбиесі мен мектептегі ұстаздық қызметті қатар алып жүру – төзімділік пен шеберлікті, сонымен қатар жан жылуын талап етеді. Жұлдызай Садықбекқызының өмірінен ана мен ұстаз ұғымының бір-бірінен ажырамайтын құндылықтар екенін көруге болады. Мектепте ол шәкіртінің болашағына бағыт сілтеген ұстаз болса, отбасында ұл-қыздарының ардақтысы, ақылшысы.
Сәрсенкүл АҚКІСІ
03 қазан 2026 ж. 30 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 965
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031