» » ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

ТҰМАУ МЕН ЖРВИ-ДІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ


Алғашқы суық түсісімен тұмау мен вирустық инфекциялардың белсенді болатыны белгілі. Осыған орай, бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жауапты сала мамандары эпидемиялық маусымға қалай дайындалып жатқанын баяндап, тұрғындарды сақтық шараларын күшейтуге шақырды.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Миранбайқызының айтуынша, облыста эпидемияға қарсы кешенді іс-шаралар жоспары бекітіліп, медициналық ұйымдар толық дайындыққа көшкен.

«Облыс бойынша емдеу-сауықтыру мекемелерінде 425 төсек орны дайындалды. Оның ішінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 200 төсек және аудандарда 225 төсек қарастырылған. Қажетті дәрі-дәрмектер мен қорғаныш құралдарының резерві толық жасақталды. Атап айтқанда, вирусқа қарсы препараттар, дезинфекциялық заттар мен бір реттік маскалар жеткілікті көлемде бар. Сонымен қатар, 1-қазаннан бастап қауіпті топтағы азаматтарды тұмауға қарсы вакцинациялау жұмыстары басталады. Бұл мақсатта жергілікті бюджет есебінен 85 007 доза вакцина сатып алынды», – деді Мая Миранбайқызы.

Өз кезегінде Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова күзгі-қысқы маусымдағы санитариялық талаптар мен шектеу шараларына тоқталды.

«Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдарда қызметкерлер үшін маска тағу режимі енгізіліп, дезинфекциялық тәртіп күшейтілді. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында балалар арасында аурудың таралуын ерте анықтау үшін күн сайын “таңертеңгі сүзгі” жұмыс істейді. Егер сыныптағы оқушылардың 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырса, байланыста болғандар 7 күн бойы медициналық бақылауға алынады. Ал көрсеткіш 30 пайыздан асса, қашықтан оқытуға көшу қарастырылады. Тұмау асқынуларының алдын алудың ең тиімді жолы – вакцина алу, сондықтан тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырамыз», – деді Әлия Мүтәліпқызы.

Мамандар тұмаудың алғашқы белгілері (дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тамақ ауруы) байқалған жағдайда өз бетінше емделмей, дер кезінде дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеді.

Эпидемиялық маусым қарсаңында өңірдегі барлық медициналық және білім беру ұйымдары қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз етіліп, қатаң бақылауға алынды. Дегенмен, тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігі көбінесе әр азаматтың өз жауапкершілігіне тікелей байланысты: санитарлық талаптарды сақтап, дер кезінде екпе алу жұқпалы аурулардың таралуын тоқтатудың ең басты кепілі.

Өңірлік коммуникация қызметі

02 қазан 2026 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 959
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 193

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031