» » ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, ҚЫМБАТТЫ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРЛЕР, ҚЫМБАТТЫ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІ!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық Қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқы қашан да үлкенін ардақтап, қариясын қазына санаған. «Қарты бар ел – қазыналы ел» деген қанатты сөздің өзінде халқымыздың үлкенге деген құрметі мен ізеті терең көрініс тапқан.
Сіздер – еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып, саналы ғұмырларыңызды туған жердің дамуына арнадыңыздар. Әрқайсысыңыздың жүріп өткен өнегелі жолдарыңыз, маңдай термен атқарған еңбектеріңіз, өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес мұра.
Бүгінде мемлекет тарапынан ардагерлер мен қарт азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетіліп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға ерекше мән берілуде. Өздеріңізге белгілі ауданымызда да дәстүрлі «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аудан ардагерлерін Байқоңыр, Қызылорда, Түркістан қалаларына саяхаттауға, сондай-ақ киелі мекендерге зиярат етуге жағдай жасалып келеді. Бүкіл ғибратты ғұмырын, қажырқайратын ел игілігіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында қарыздармыз!
Құрметті ардагерлер!
«Ауылыңда ақсақалды қария болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген бабалар сөзі бар. Ендеше, сіздердің әрбір өнегелі сөздеріңіз бен өмірлік тәжірибелеріңіз – еліміздің рухани байлығы, кейінгі ұрпаққа қалдырар асыл аманат.
Осы мерейлі күні баршаңыздың отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Әрбір шаңырақта шаттық орнасын!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
01 қазан 2026 ж. 116 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 127
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 321

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031