ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ: «ЗАҢ. ТӘРТІП. ЖАУАПКЕРШІЛІК»
Қала әкімдігінің және қалалық прокуратураның ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру және азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Заң. Тәртіп. Жауапкершілік» тақырыбында кездесу өтті.
Аталған шараға қала прокурорының орынбасары Ерлан Алмаханов, танымал журналист Руслан Өтепбай, қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов, Қызылорда облыстық адвокаттар төралқасының төрағасы Мейірбек Даубалаев және танымал жайдарманшы, блогер Асылхан Дүкенбаев қатысты.
Кездесуде заң алдындағы жауапкершілік, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықтық сауаттылық, азаматтық ұстаным және ақпараттық кеңістіктегі мәдениет мәселелері қозғалды.
Спикерлер өз салалары бойынша ой-пікірлерімен бөлісіп, жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғам алдындағы жауапкершіліктің маңыздылығын түсіндірді.
Негізгі спикер журналист Руслан Өтепбай журналистік зерттеулері мен кәсіби тәжірибесі тұрғысында өзекті тақырыптарға тоқталды.
Жастар спикерлерге тікелей сұрақ қойып, өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптар алды.

















