» » ӨТКЕННІҢ ҮНСІЗ КУӘГЕРЛЕРІ

ӨТКЕННІҢ ҮНСІЗ КУӘГЕРЛЕРІ


Қармақшы өңірі – сан ғасырлық тарихтың сырын бойына сақтаған қасиетті мекен. Осы өлкенің көне өркениетінен сыр шертетін Шірік-Рабат қалашығы, Бәбіш-мола кешені, Жетіасар мәдениеті және Сортөбе қалашығы – ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігі, қолөнері, мәдениеті мен дүниетанымы туралы құнды мәлімет беретін бірегей археологиялық ескерткіштер.

Аталған археологиялық ескерткіштерден табылған тарихи жәдігерлерден Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен №284 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушыларына «Өткеннің үнсіз куәгерлері» атты танымдық көшпелі көрме өткізілді.

Көрме арқылы оқушылар ежелгі қоныстардың тарихымен танысып, археологиялық жәдігерлердің адамзат өркениетін зерттеудегі маңызын түсіне алды. Сондай-ақ көне дәуірдің материалдық мәдениеті таныстырылды. Ғасырлардан жеткен бұйымдар өткен мен бүгінді жалғап, туған өлкенің тарихына жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік берді.

21 қыркүйек 2026 ж. 122 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30