» » 21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады

21 қыркүйек күні ауа райы қандай болады


«Қазгидромет» РМК ұсынған мәліметке сәйкес, дүйсенбі, 21 қыркүйек күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шышынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн күркіреп, жаңбыр жауады және жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен дауылды жел соғуы мүмкін. Сонымен қатар түнде және таңертеңгі уақытта батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман күтіледі.
Синоптиктер еліміздің бірқатар облысында өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталатынын ескертеді.
Атап айтқанда, Павлодар, Қарағанды, Абай және Жетісу облыстарында, Шығыс Қазақстанның батысы, оңтүстігі мен шығысында, Ақмоланың оңтүстігі, солтүстігі, шығысы мен орталығында, сондай-ақ Солтүстік Қазақстанның шығысында, Маңғыстаудың батысы, солтүстігі мен орталығында және Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі күтілуде.
Сонымен қатар, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады деп болжануда.
20 қыркүйек 2026 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 879
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 132

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930