» » 7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 7 қыркүйекке арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дүйсенбі күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен батыс пен оңтүстік өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, ал батыс өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ жаууы әрі дауыл соғуы мүмкін.  
Республика бойынша желдің күшеюі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең батыс өңірлерде тұман күтіледі.  
Алдымыздағы кезеңде еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Қостанай, Абай, Ақтөбе, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Қостанай облысының оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы мен орталығында және Жетісу облысының оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталатыны болжануда.
06 қыркүйек 2026 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 944
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 185

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031