» » 31 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

31 тамызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады
«Қазгидромет» РМК 2026 жылғы 31 тамызға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап. 
Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауады.
Солтүстік өңірлерде түнде жаңбырдың арты қарға ұласуы ықтимал, ал күндіз нөсер жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Батыс пен солтүстік-батыс өңірлерде негізінен жауын-шашынсыз.
Республика бойынша жел күшейеді, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады. Түнде және таңертең солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде тұман түсуі ықтимал.
Қазақстанның бірқатар өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Жоғары өрт қаупі Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе облысының орталығы, солтүстік-шығысы мен солтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстік-батысы мен шығысында, сондай-ақ Маңғыстау облысының орталығында күтіледі.
Ал төтенше өрт қаупі Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Абай, Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының бірқатар аумағында сақталады.
30 тамыз 2026 ж. 100 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30