» » ҒҰМЫР ЖОЛЫ ҒИБРАТ

ҒҰМЫР ЖОЛЫ ҒИБРАТ

ЖҮЗІНЕН НҰР ТӨГІЛІП ТҰРҒАН ЖАНДЫ ӘРҚАШАН ҚАЗАҚ: «ИМАН ЖҮЗДІ, ЖАН ЕКЕН» ДЕП БІР КӨРГЕННЕН-АҚ БАҒА БЕРІП ЖАТАДЫ. ЖҮЗІ ШЫРАЙЛЫ ЖАННЫҢ ӨЗІ ДЕ, СӨЗІ ДЕ ТҮЗУ, ТУРАШЫЛ КЕЛЕТІНІН МЫНА ӨМІРДЕ КӨРІП ЖҮРМІЗ. ОСЫНДАЙ ЖАННЫҢ БІРІ – МЕНІҢ ЖӘКЕЕВ ЖАҚСЫБАЙ АҒАМ ДЕСЕМ, АРТЫҚ АЙТПАҒАНДЫҒЫМ БОЛАР. СОҢҒЫ ҮШ-ТӨРТ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ОЛ КІСІМЕН ҚЫЗМЕТ БАБЫМЕН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНДЕ КЕЗДЕСІП, ЕТЕНЕ АРАЛАСЫП, ТАНЫСТЫҒЫМ АҒАЛЫІНІГЕ ҰЛАСЫП КЕЛЕДІ. БҰРЫН ӨТЕ ЖАҚСЫ БІЛМЕСЕМ ДЕ, 2026 ЖЫЛЫ МЕН ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП КЕЛГЕЛІ ЖАҚСЫ АҒАМЫЗБЕН ЕТЕНЕ АРАЛАСЫП, СӨЗІМІЗ ЖАРАСЫП, ОЙЫМЫЗ БІР ЖЕРДЕН ШЫҒЫП КЕЛЕДІ.
Ол кісі де көпті көрген, қадірлі ел ағаларының қатарында екендігін жақын сырласа түскенде барып білдім. Бүгінде 80 жастың сеңгіріне шыққан Жақсыбай аға өзінің Алланың берген осы ғұмыр ішінде Қармақшы ауданында белді де беделді қызметтер атқарғандығын естіп жатырмын. Тұла бойы қарапайымдылыққа тұнған ағаның азаматтығы, адамгершілігі, жанашырлығы, ақ адал көңілімен жұртты жатырқамай, бірден тіл табыса кететіндігін көргенімде қайран қалдым. Аудандағы 2-3 шаруашылықта директор, содан ауданда бөлім басшысы, аудандық Кеңесі атқару комитетінің орынбасары, Жосалы кентінің әкімі, аудан әкімінің кеңесшісі, орынбасары қызметтерін атқарса да, ол кісі жұрт секілді көкірегін кермей, осы қарапайымдылығынан айнымағанын байқадым. Осыдан соң «Азамат болсаң, осындай бол» деп іштей Жақсыбай ағама риза болған шағымды жасырмаймын. Осындай қалпын көргенімде ағаны сыйлай түсуден басқа амалың да қалмайтындай. Қазақта мынадай тәмсіл бар: «Шалқайғанға шалқай, ол құдайдан ұлы емес, еңкейгенге еңкей, ол адамның – құлы емес» деген. Көпті көрген кісі екендігін әрқашан әңгімесінен де есіліп тұрады. Сөйлесе қалсаңыз, адамдар арасындағы сыйластықты, қазақи құндылықтарды, тәрбие мен тәлімді, отбасы құндылықтарын, салт пен дәстүрді, әдет-ғұрыпты, саламатты өмір хақында ойды тереңнен толғайды. Елге танымал ақындардың өнегелі өлеңдерін өрнектей айтқанда, ойың да, бойың да бір сергіп, серпіліп қаласыз. Міне, Жақсы ағамыздың ортада айтар ойы, пайымды пікірі, ұтымды ұсыныстарды айта алатындығын осыдан-ақ білуге болады.
Атақты грек ойшылы Диоган күндіз-түні қолына май шам алып жағып жүреді екен. Сұраған жандарға: – Адам іздеп жүрмін десе, керек. Сонда тұстастары:
– Мына қарақұрым халық адам емес пе? дегендерге: –
Бұлардың бәрі пенделер. Мен жүрегінде сәулесі бар адамдарды іздеп жүрмін дейді екен.
Міне, сол сияқты Жақсыбай Малбағарұлының өнегелі әңгіме астарынан, келтірген өлеңдері арқауынан кеудесінде сәулесі бар адамдар ғана нені айтып, нені меңзеп отырғанын байқаса, аңғарса керекті. Содан да болар, ағамыздың кеудесі зерделі сөзге толы алтын сандық деп айтсақ қателеспейтініміз анық. Бүгіндері сексеннің сеңгіріне шықса да ой қабілеті, есте сақтау жады сол қалпында. Қаншама жандар бар оқыған кітабының мазмұнын айтып беруге келгенде ұмытып қалып жатады. Ал біздің Жақаңның айтқан сөзі мірдің оғындай, нақылдап, мәтелдеп айтқанда риза боласыз. Бүгінгі үлкендердің көбі алқалы жиын мен алқалы отырыстарда келелі де өрісті пікірлерді аталы сөздермен мақалдап, мәтелдеп өрнектеп айтып жүргендерін естіп қалғанымызда қуанамыз. Бұл бүгінгі жастарымыз үшін қажет. Әрбір сөзді өнегемен өрнектеп айтып жатсақ, керемет болар еді. Осындай жақсы қасиеттерді ағамыздың бойынан көргенімізде сайын даланың лебі есіп тұрғандай сезінеміз.
Бұндай аталы сөздер елдігіміз, бірлігіміз үшін аса қажет. Әріден сөйлейтін, терең ойлайтын, ой-өрісі терең жандардың белгісі. Біздің Жақсыбай ағамыз осындай жандар қатарынан. Өйткені өзі жоғары қызметтерде жүргенде талай жанға көмек қолын соза білгендігін өз әңгімесі арасынан байқап қаламыз. Өйткені бұл кісінің жүрегі жылы адам. Сыпайылығы мен сыпалығының өзі ұрпаққа үлгі. Артық әңгімесі жоқ. Көп тыңдайды, сұрасаң ғана орамды ойын айтады. Мінезге өте бай адам. Салиқалы, салмақты. Қандай адаммен кездессе де онымен тез тіл табыса алады. Осы жағына келгенде нағыз абзал жан деп айтуға тұрарлық.
Өзінің осынау жарқын жолында шаруашылық директоры болып жүрген тұстары шаруаның көзін тауып, одан өркендетіп, оның атын шығаруға білім-білігін жұмсағандығы жайы өз алдына бір төбе әңгіме десек болады. Мығым сөзінен аңдағаным: көбіне алда жасар іске келгенде шешімді сол қайсар мінезінің арқасында нар тәуекелге тартынбай бара алатын басшы болғандығын түсінесіз. Тағы бір бойынан сезілетін қасиеті газет-журналдарды, кітаптарды көп оқығандығы. Мұндай адаммен кездесу, сөйлесу, әңгімелесу деген жан рақатын сыйлайды. Осындай сөз реті келгенде айта кеткім келеді. Менің әкем Мөрәлі Шәменов баспасөз саласында бір кездері қызмет атқарған адам. Содан болар, ол кісі сөйлесе рет-ретімен нақтап-тақтап сөйлейтін еді. Бізге балаларына газет-журнал оқуды талап ететін. Біздер содан жаман болып өспедік. Сол кісіден тараған ұрпақтардың барлығы жоғары білім алып, академик, басшы, әкім қызметтерін атқарып тәуелсіздігіміздің даму жолында еңбек ете білдік. Әлі де жұмыс жасау үстіндеміз. Біздің айтып отырған Жақсыбай ағамыз да осындай газет-журналдар оқу жолдарынан өткен.
Дене бітімі шағын болса да, қайсарлығы мен қайраты басым. Күш-жігері мен білімбілігін кезінде Қармақшы ауданының әлеуметтік дамуы мен өркендеуіне зор үлес қоса білген жан. Сол елеулі еңбегі де еленген азамат. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. «Қазақстанның құрметті құрылысшысы», «Қоғам қайраткері», «Астанаға 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл», «Қызылорда қаласына 200 жыл» «Қызылорда облысына 70 жыл», «Азаматтық қорғаныстың үздігі» медалімен марапатталған. Абырой, беделі отбасында асқақ. Немере-шөбереге ата. Әрдайым есендікте ортамызда жарқырап жүре беріңіз, дейміз!
Өмірбек ШӘМЕНОВ,
Қызылорда қалалық ардагерлер
20 қыркүйек 2026 ж. 68 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 130

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930