» » Көп жасаған қария

Көп жасаған қария

ЖОСАЛЫ, 8 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz  Тұла бойы тұнған шежіре, өнеге тұрарлық салиқалы мінезді қазақтың көнекөз қарттары-ұлтымыздың сарқылмас қазынасы десек артық айтпаспыз. Сондай көп жасап, көпті көрген қазыналы қарттарымыздың бірі - елге сыйлы 92 жастағы Абылай ата. Ардагердің өмірі мен еңбек жолы өзінше бір тарих, әр кезеңі өзіндік сырға, тарихқа толы. Табан жолын білетін, санасы сергек, көнеден келе жатқан күйсандықтай сайраған қариямен сөйлесудің өзі бір ғанибет. 


Соңғы уақыттары Абылай ата сырқаттанып, өз еркімен жүруі қиындап, көзі дұрыс көрмей денсаулығы сыр бере бастаған болатын. Ауыл әкімі С.Есқалиева, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жалғасбаев, ардагерлер кеңесінің мүшесі К.Дүрқазиев 92 жастағы еңбек ардагері Итбаев Абылай атаға сәлем бере барып, жағдайын сұрап, жаңа жылымен құттықтап, сый-сияпат жасады, Жаңа жыл қарсаңында 92 жастағы қарияны іздеп, үйіне құттықтап қонақтар келгенін естіп Абылай ата жас баладай қуанып сала берді. 92 жастағы асыл қартымыздың жас балаша қуанғанын көрсеңіз еріксіз жүрегіңіз елжірей кетеді екен... 
Итбаев Абылай 1929 жылы Арал ауданы көне "Бөген" бөлімшесінде дүниеге келген. Әкесі Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан оралмаған. Анасы екеуі отбасында соғыс жылдарында 1944-1945 жылдары "Бөген" ауылы базасында балық аулаған. Жастық шағы қанқұйлы соғыс уақытына тап келіп, бір-ақ күнде есейіп, ересектермен қатар еңбекке араласып, 15 жасынан тылда еңбек еткен тыл ардагері. 
1978 жылы Қармақшы ауданы, Жосалы кеңшарына көшіп келіп, күріш егіп, құрылыс жұмыстарымен айналысқан. 1989 жылы еңбек демалысына шыққан. Жұбайы Дәукеева Дәметкен екеуі Толыбай, Қази, Қарасай, Қазыбай, Мақсұт, Сақытжан атты 6 ізетті ұл мен Нұржамал есімді тәрбиелі қыз өсіреді. Балаларына арнайы және жоғары білім әпереді. Әрине, өмір болған соң , қуанышы мен қайғысы қатар жүреді емес пе... Тек атаның құдай қосқан қосағы, балаларының анасы өмірден ертерек озды. Ол кезде Абылай ата 51 жаста болатын. Бүгінде қария тамырын тереңге тартқан мәуелі бәйтеректей үрім-бұтағының қызығын көріп отыр. 
Қазіргі таңда балаларынан өрбіген 21 немересі мен 29 шөбересі бар данагөй қария. Абылай ата төртінші ұлы Қазыбай ағайдың қолында, немересі Жарас пен келіні Әсияның күтімінде. Шөбере-шөпшегінің қолынан су ішіп, оларды еркелетіп отырған қариямыз жүз жасасын, Алла қуат берсін деген тілегімізді білдіреміз.
08 қаңтар 2020 ж. 1 098 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 036

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031