» » Жаңа қызметке тағайындалды

Жаңа қызметке тағайындалды


Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2026 жылғы 15 қыркүйектегі №02-05/69 бұйрығымен және «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 196 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс өткізу қағидасына сәйкес бірыңғай конкурстық комиссияның жалпы конкурс нәтижесі туралы 2026 жылғы 12 қыркүйектегі №91 хаттамалық шешімімен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Шәпи Нұржан Арыстанұлы тағайындалды.

Нұржан Арыстанұлы 1989 жылғы 18 тамызда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген.

2010 жылы Қызылорда қаласындағы «Болашақ» университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы «Қызылорда электр жүйесін тарату компаниясы» АҚ-да қызметкер ретінде бастаған.
2011-2012 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің маманы;
2012-2016 жылдары Төретам кенті әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы;
2016-2025 жылдары Қармақшы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, бөлім басшысы;
2025 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Қармақшы аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарып келді.


16 қыркүйек 2026 ж. 75 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930