» » СЫРБОЙЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР КОРЕЯНЫҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

СЫРБОЙЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР КОРЕЯНЫҢ ІРІ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына сапары аясында Қазақ-корей дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының іскерлік топтары, жетекші компаниялары және бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысты.

Кездесу барысында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, жаңа өндірістерді іске қосу және кәсіпкерлік байланыстарды нығайту бағыттары бойынша пікір алмасылды.

Аталған маңызды іс-шараға Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласында қызмет атқаратын «Агрохимсервис-С» ЖШС директоры Сергей Ким қатысты.
«Агрохимсервис-С» ЖШС өндірістік қуатын арттыруда бірқатар жобаны жүзеге асырып келеді. Кәсіпорын 2020 жылы жеке қаражаты есебінен минералды тыңайтқыштар өндіру зауытын іске қосты. Жылдық қуаты 30 мың тонна өнім шығаруға есептелген, оның аясында 11 жаңа жұмыс орны құрылды.

Қаржыландыруға «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 750 млн теңге көлемінде несие қаражаты тартылды. Жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Құрылысты бастауға рұқсат беріліп, мемлекеттік қолдау ретінде 3 гектар жер учаскесі табысталды. Қазір құрылыс жұмыстарының 90 пайыздан астамы орындалған. Қытайдан қажетті құрал-жабдықтар жеткізіліп монтаждалуда. Толық іске қосылғаннан кейін қосымша 5 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 қыркүйек 2026 ж. 92 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 203
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 390

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30