» » Тоқаев Мун Чжэ Иннің шақыруымен Кореяға барды

Тоқаев Мун Чжэ Иннің шақыруымен Кореяға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея президенті Мун Чжэ Иннің шақыруымен ел астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Ол Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия басталғалы бері Оңтүстік Кореяға сапармен барған әлемдік деңгейдегі бірінші көшбасшы екенін атап өтті.
Мемлекеттік сапар бағдарламасы аса ауқымды. Ертең, 17 тамыз күні президент Мун Чжэ Инмен келіссөз өткізу жоспарланған. Онда тараптар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады. Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Мун Чжэ Инмен бірге Корея бизнесінің жетекшілерімен кездесу өткізеді", – деп жазды Берік Уәли.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Кореяның ұлттық батыры, өмірінің соңғы жылдарында Қазақстанда тұрған генерал Хон Бом Доны еске алуға арналған іс-шараға қатысып, Отан үшін құрбан болғандардың монументіне гүл шоғын қояды.
Бұдан кейін Кореяның ірі компанияларының қатысуымен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді. Сондай-ақ БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен жүздесу жоспарланған.
16 тамыз 2021 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№10 (10478)

07 ақпан 2026 ж.

№9 (10477)

03 ақпан 2026 ж.

№8 (10476)

31 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 376
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 232

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728