ЦИФРЛЫҚ АКТИВТЕР САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен кезекті мәжіліс өтіп, күн тәртібіне сәйкес цифрлық активтер саласын дамыту және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасқан. Аудан басшысы осы оң үрдісті жыл соңына дейін сақтап, барлық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Бюджет кірістерінің орындалу барысы бойынша да бірқатар жұмыстар талқыланды. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша ауданның өз кірістері жоспары 107,7 пайызға орындалып отыр. Нәтижесінде жоспардан артық кіріс қамтамасыз етілді. Осы бағытта жұмыстарды жүйелі жалғастырып, барлық салық түрлері бойынша түсімдердің дұрыс орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Бүгінде әлеуметтік бағыттағы мәселелердің бірі – Отбасының цифрлық картасындағы «А» және «В» санаттарында орналасқан отбасыларды верификациялау жұмыстары.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің жолдауларында мемлекеттік қолдау шараларының нақты мұқтаж азаматтарға бағытталуын қамтамасыз ету қажеттігін тұрақты түрде атап келеді. Сондықтан бұл жұмыстарды уақытылы жүргізу керек,- деп аудан әкімі жауапты мамандарға кент және ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп, белгіленген мерзімге дейін толық аяқтауды тапсырды.
Бұдан бөлек 505-бабы бойынша абаттандыру қағидаларының сақталуы, 408-бабының ауыл шаруашылығы жануарларын жою тәртібі және ортақ пайдаланылатын орындардың тазалығын қамтамасыз ету 434-2-бабы аясында орын алған әкімшілік құқықбұзушылықтарға жол берген тұлғаларға заңға сәйкес шара көру жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілді.
Жиынды қорытындылаған Жандос Еркінбек күн тәртібінде қаралған мәселелердің орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

















