» » ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЖАРТЫЖЫЛДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен облыс әкімінің қатысуымен өткен мәжілісте берілген тапсырмаларды орындау мәселелері бойынша жиын өтті.

Жиында 2026 жылдың қаңтар-маусым айларындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары, салық түсімдерін ұлғайту, жергілікті бюджет кірістерін арттыру және алдағы кезеңге қойылған міндеттер жан-жақты қаралды.

Аудан әкімі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап, жоспарлы индикаторлардың уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

– Аудан бойынша барлық макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізілді. Бұл қарқынды бәсеңдетпей, әрбір көрсеткіштің ай сайынғы орындалуына тұрақты талдау жүргізіп, нақты болжамдар әзірлеу қажет. Барлық жоспарлы индикаторлардың толық орындалуы қатаң бақылауда болуы тиіс, – деді аудан әкімі.

Мәжілісте ауданның өз кірістер жоспарының 108,4 пайызға, ал төртінші деңгейлі бюджет кірістерінің 107,5 пайызға орындалғаны айтылды. Сонымен қатар, кент және ауылдық округтері әкімдеріне аудандық экономика және қаржы бөлімімен бірлесіп барлық салық түсімдерінің жоспарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты сала басшылары мен кент және ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырып, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

14 шілде 2026 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 855
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 115

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930